Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультура

Конференцияның мақсаты-сала мамандары арасында өзара ынтымақтастықты жəне тəжірибе алмасу үшін кəсіби платформа орнату

«Мəдениет объектілері технологиялары инженерлерінің қауымдастығы» ҚБ 2025 жылғы 20-21 қаңтар аралығында Алматы қаласында өтетін жалға беруші жəне ивент-компанияларының III Орталық Азия конференциясын өткізу туралы хабарлайды.
Конференцияның мақсаты-сала мамандары арасында өзара ынтымақтастықты жəне тəжірибе алмасу үшін кəсіби платформа орнату.
Екі күн ішінде қатысушылар лекциялар тыңдап, шеберлік сабақтарына қатыса алады жəне кəсіби жабдықтармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары мен стандарттарын енгізуге бағытталған, практикалық сабақтардан өте алады. Барлық іс-шаралар «Жас Сахна» театрында өтеді (Абай көшесі, 117, Алматы қ.).
Конференция əлемдік деңгейдегі сарапшыларды жинайды,саласы:
Жарықтандыру жабдықтары (Чехия, Италия, Қытай, АҚШ).
Кəсіби дыбыстық жабдықтар (Нидерланды, АҚШ, Франция, Ұлыбритания).Бейне Жабдықтар (Жапония).
Конференцияға қатысатын компаниялар: Magnimage, HK Audio, ROBE, Panasonic, Lightsky, DiGiCo, Shure, Dicolor, Allen&Heath, L ‘ Acoustics. Олардың қатысуы халықаралық ынтымақтастықты дамытужəне к əсіби жабдық саласында озық технологияларды енгізу үшін маңызды қадам болады.
Іс-шара инженерлер мен техникалық мамандарға: театрларға, филармонияларға, мəдениет
сарайларына, оқушылар сарайларына, облыстық халық шығармашылығы орталықтарының
мамандарына, сондай-ақ өңірлік жалға беруші жəне ивент компанияларына дайындалды.
Қатысушылар заманауи технологияларды игере алады, оларды күнделікті тəжірибесіне енгізе алады жəне мəдени сонымен қатар білім беру салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын едəуір арттыра алады.
Қатысудың артықшылығы-заманауи жабдықтармен практикалық сабақтар. Қатысушылар біліктілігін арттыру туралы сертификаттар алады, сондай-ақ халықаралық сарапшылармен жəне басқа өңірлердегі əріптестерімен бейресми байланыс орната алады.
Сілтеме бойынша тіркелу https://samatshowtechnicconference.tilda.ws/
Анықтама жəне БАҚ телефоны: +77013019505, +77477999966.

Құрметпен,
Джумалиев К.М

Ұқсас жаңалықтар

Всемирные игры кочевников: беркутчи проехался на общественном транспорте по Астане

admin_altyalash

Прокурор настоял на увеличении штрафа «Казцинку» в 174 раза – до 44 млн тенге

admin_altyalash

При поддержке Президента в Мангистау решены застарелые проблемы с водой и теплом

admin_altyalash