Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗаң мен тәртіп

Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Жедел уәкілдер екі күдіктіні де оқиға орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бірінші жағдайда 31 жастағы ер адам 201-бағыттағы қоғамдық көлікте жасөспірімнің IPhone телефонын ұрлап кеткен. Тағы бір эпизодта 36 жастағы ер адам бөтеннің мүлкіне көз салды. Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында өтіп бара жатқан адамды тонап кеткен. Екі дерек бойынша да аудандық полиция басқармаларында қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Министр обороны открыл филиал Военно-исторического музея в селе Родина

admin_altyalash

«Заморозка и комиссии»: Bereke Bank прокомментировал жалобы клиентов

admin_altyalash

Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году

admin_altyalash