Бұл оқиға дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсететін нағыз ерлік мысалы болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұл оқиға дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсететін нағыз ерлік мысалы болды

29.01.2025
0
Бұл оқиға дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсететін нағыз ерлік мысалы болды

Сауд Арабиясынан Алматыға ұшып келе жатқан ұшақта адам өмірін аман алып қалған ерекше оқиға орын алды. Павлодарлық азамат Мурат Имангазинов Жетісулық дәрігер Жаннур Сырымовтың арқасында аман қалды. Аллергиялық реакцияның кесірінен өміріне қауіп төнген.  Алайда,  Жаннур Сырымовтың жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында Мурат аман қалып, Алматыда медициналық көмекке жүгінді.

Мурат Имангазинов Меккеде қажылықты орындап, Джиддадан Алматыға ұшып келе жатқанда, оның жағдайы күрт нашарлады. Тұмауға қарсы бірнеше дәрі қабылдағаннан кейін оның беті ісіп, тыныс алу қиындай бастады. Айтуынша, ұшақтың 10 мың метр биікке көтерілгенде оған дем жетпей, жағдайы күрт нашарлаған.  Қырғызстаннан шыққан бортсерік дереу экипажға хабарлап, дәрігерді шақырды.

Қуанышқа орай, ұшақта Жетісу облысының Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері Жаннур Сырымов болған. Ол дереу сигналды естіп, тәжірибесін пайдаланып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ұшақ таулар үстімен ұшып келе жатқан, ал экипаж жақын әуежайға қонуға дайындалған екен. Алайда, Жаннур Мавленович кәсіби біліктілігін танытып, төрт сағат бойы жолаушының өмірі үшін күресіп, Алматыға жеткенше жанында болған.

«Бұл аллергиялық реакция екенін бірден түсініп, дереу әрекетке көшкеніме қуаныштымын. Бетім мен мойыным қатты ісіп, тыныс алу қиындап, қан қысымым көтерілді. Мұндай жағдайлар үшін мен әрқашан әкемнің денсаулығы үшін дәрілерді өзіммен алып жүремін», — деді дәрігер.

Жаннур Сырымов — 15 жылдық тәжірибесі бар уролог және трансплантолог. Ол Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында және Талдықорғандағы ауруханада жұмыс істеген. Еңбек жолын санитарлық фельдшер ретінде бастаған дәрігер бүгінде туған жерінде  қызмет  етіп жүр.

«Бұл мүлде күтпеген жағдай болды, әуеде медициналық көмек көрсетемін деп ойламалым. Бірақ мен әрқашан осындай жағдайларға дайын болдым», — деп қосты ол.

Жаннур Сырымов бортсеріктің де көрсеткен көмегін атап өтті, олар бірге жұмысты үйлестіріп, осы қиын сәтте жолаушыға көмек көрсетті.

Алматыға қону кезінде ұшаққа жедел жәрдем бригадасы келіп, М. Имангазиновты ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы тұрақталып, көп ұзамай ол Павлодарға қайтты. Бұл оқиға дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсететін нағыз ерлік мысалы болды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.