Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс

29.01.2025
0
Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.

Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.

«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қызылорда қаласының орталық алаңы, аудандарда демалыс орындары қайта жаңғыртудан өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.