Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді

29.01.2025
0
Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап нысанасы жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған жеке тұлғалар әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады.

АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленген.

Осы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарты бойынша алынатын табыс сомасы болып табылады.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі 7 ең төменгі жалақыдан (бұдан әрі – ЕТЖ) аспауға тиіс.

Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ-дан негізге ала отырып есептеледі, төленеді.

Егер тұлға бір төлеушімен жасалған екі және одан да көп АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі және ең жоғары объектісі бір төлеушіден алынған жалпы табысқа қолданылады.

Төлеушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады:

– жұмысынан айырылу;

– еңбекке қабілеттілігінен айырылу;

– асыраушысынан айырылу;

– жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;

– бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысының жоғалуы.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл оқиға дәрігердің кәсібилігі мен адамгершілігін көрсететін нағыз ерлік мысалы болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.