Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді

Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді.

Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді.

Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

admin_altyalash

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерде орнатылатыны белгілі болды

admin_altyalash

Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болды

admin_altyalash