4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді

04.02.2025
0
4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді

Бүгін, 4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді. Бұл күн онкологиялық аурулардың профилактикасының, ерте диагностикалау мен тиімді емдеудің маңыздылығын еске салады.
Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардың 40 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі, ал обырдан жылына 12 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Обырдың келесі түрлері ең көп таралған:
* Сүт безі обыры – 5 652 жағдай
* Колоректалдық обыр – 4 029 жағдай
* Өкпе обыры-3 833 жағдай
* Асқазан обыры – 2 907 жағдай
* Жатыр мойны обыры-1 921 жағдай

2024 жылдың соңында 230 мыңнан астам онкологиялық пациент динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық.
Онкоскринингтерді, заманауи диагностикалық технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ онкологиялық дәрігерлердің біліктілігін арттыру ауруларды ерте анықтау деңгейінің өсуіне және өлімнің төмендеуіне ықпал етті.

Қабылданған шаралардың арқасында 2024 жылы 0-І сатысында онкологиялық аурулардың жаңа жағдайларының 31,4%-ын анықтауға, сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлімді 3,2%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін ұсынылады. Мемлекет МӘМС жүйесіндегі пациенттің мәртебесіне қарамастан, онкологиялық ауруларды диагностикалауға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және емдеуге арналған барлық шығыстарды жабады.
Министрлік азаматтарды емханаларда үнемі тегін онкологиялық скринингтерден өтуге және онкологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда дереу медициналық мекемелерге жүгінуге шақырады.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Заманауи балық өнеркәсібі кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа білім беру нысаны педагогика және білім беру саласында озық зерттеулер жүргізетін орынға айналмақ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.