Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Қазақстандықтар 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырды

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобының алғашқы аптасында 300-ден астам қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Акцияға елдің түкпір-түкпірінен еріктілер топтары мен ұйымдары белсенді түрде қосылды. Алматыда жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне көмекке жұмсалды.

«Jaiyk Jastary» (Орал) еріктілері коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен тамақ таратып, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалауға көмектесті. Астана мен Шымкент жастары қарттар үйінде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Флешмобты «Jastar Oskemen» (Шығыс Қазақстан облысы), «Zheltorangy_zhastary» (Алматы облысы) және «Biz_birgemiz_dulaty» (Тараз) еріктілер ұйымдары да қолдады.

Айта кетейік, флешмобқа қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер Рақымғали Құл-Мұхаммед мемлекетке қолғабыс жасады

admin_altyalash

Асанәлі Әшімов: Театр өнерінде екі жақ бірдей ләззат алса, сол – бақыт

admin_altyalash

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар бойынша жалға берілген баспананы сатып алу құқығы беріледі

admin_altyalash