Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді

06.02.2025
0
Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді

Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысының 25 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті. Бұл –әйелдердің құқықтарын кеңейтуге және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі халықаралық құжаттар.

Кездесуге Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева сөз сөйлеп, Қазақстанның 1995 жылы Бейжің декларациясына қосылған сәттен бастап, ұлттық және халықаралық басымдықтарды ұштастырып, тұрақты гендерлік саясат қалыптастыру бағытын берік ұстанғанын атап өтті.

«Бұл процесс ең алдымен нақты құрылған институционал тетіктердің жүйесіне негізделеді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды конституциялық реформа Конституциялық сотты қайта қалпына келтіріп, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын бекітті. Мен бұл өзгерістердің маңызын ерекше атап өткім келеді, өйткені құқық қорғау институттарының күшеюі гендерлік теңдікті ілгерілетіп, қорғау үшін сенімді жағдай жасайды», – деді Айда Балаева.

Осы мақсатта Қазақстанда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылы өңір басшылары жанынан гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесші институты құрылды. Ал Қазақстандағы гендерлік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға жауапты негізгі мемлекеттік орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі. Министрлік құрамында арнайы комитет жұмыс істейді.

Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша «БҰҰ-әйелдер» кеңсесінің өңірлік директоры Белен Санс Луке Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің гендерлік саясатын жоғары бағалады. Ол оң өзгерісті атап өтіп, Бейжің декларациясының мақсаттары әлемде толық жүзеге асатынына сенім білдірді.

«Елдегі әйелдер мен қыз балалардың құқығын кеңейту бойынша қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін қуаныштымын. Біз барлық әйелдер мен қыз балалар еркін, мүмкіндіктері мен құқықтарының бар болуы үшін күш саламыз. Үкіметаралық деңгейде келісілген уағдаластықтар аясында жеткен жетістіктеріңізді жоғары бағалаймыз», – деді Белен Санс Луке.

Бейжің декларациясы 1995 жылы Әйелдер жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Құжатта әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын кеңейту бойынша 12 негізгі салада стратегиялық іс-қимылдар белгіленген.

«Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысы 2000 жылы қабылданып, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қатысты тиімді шешімдер қабылдауын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Цифрландыру – мәдениет пен ақпарат саласындағы тың мүмкіндіктер алаңы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.