Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоКультура

Этносаралық араздықты қоздыру фактілерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейту керек

Кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылғы жұмыстың бағыт-бағдарына, мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Министр ел ішінде алауыздық туғызып, діни, этносаралық араздықты қоздыру фактілерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейту керек екенін де атап өтті.

«Қазіргі кезде елімізде 18 конфессияны білдіретін 4 мыңға жуық тіркелген діни бірлестік бар. Сондықтан, қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеу орынды», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ этномәдени бірлестіктерді гранттық қолдау этносаралық келісім мен бірлікті дамытуға ықпал етеді. Аида Балаева осы мәселенің құқықтық қамтамасыз етілуін пысықтау қажетін айтты.

«Жалған ақпаратпен күресу және ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру үшін «Масс-медиа туралы» жаңа заң қабылданды. Өткен жылы онлайн-платформаларда заңнаманы бұзған 67 мыңнан астам факті анықталып, 18 мыңнан астам материал жойылды. Министрлік журналистердің біліктілігін арттыру, медиа сауаттылықты көтеру және фактчекинг бойынша тренингтер ұйымдастыруды қолға алды», – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

«Сетевые специалисты» ошиблись: Конституция не разрешает жить в чужой квартире бесплатно

admin_altyalash

55 видов услуг будут бесплатно оказывать алматинцам сервисные центры полиции

admin_altyalash

Мы хотим, чтобы молодёжь видела пример общения между духовными лидерами и принимала эти знания для продолжения диалога из поколения в поколение

admin_altyalash