Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған

Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді.

Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады.

Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

admin_altyalash

Қазақ тіліндегі контентке сұраныс артып келеді – Мәулен Әшімбаев

admin_altyalash

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов креаторлармен кездесу өткізді

admin_altyalash