Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов креаторлармен кездесу өткізді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов креаторлармен кездесу өткізді. Кездесуге продюсерлер, музыканттар мен дизайнерлер, суретшілер, аниматорлар, үстел ойындарын әзірлеушілер, авторлық құқық саласындағы сарапшылар және т.б. қатысты.

Тараптар креативті индустрияны дамытуға бағытталған өзекті мемлекеттік бастамаларды талқылады. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған креативті индустрияны дамыту туралы заң мен экономикалық салаға мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру қағидалары айқындалған бұйрық жобасын сөз етті.

Аталмыш шаралар шығармашылық секторды коммерцияландыру және халықаралық нарықта қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен қатар биыл Үкімет таланттарды іздеу және қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттау мен коммерцияландыруға жәрдемдесуді көздейтін арнайы қор құратын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Жарыққа жетелер мейірім

admin_altyalash

Вундеркиндті бесігінен таны

admin_altyalash

Жаңа ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген

admin_altyalash