ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

07.02.2025
0
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары оқу орны кампусында жасыл энергетиканы дамыту және тұрақты даму мақсатында жалпы қуаты 30 кВт болатын күн электр станциясын іске қосты. Бұл станция «Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асыру негізінде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту» атты гранттық жоба шеңберінде құрылды. Жоба студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарына да орасан пайда әкеледі деп күтілуде.

Күн электр станциясы инженерлік-техникалық бағыттағы болашақ мамандарды даярлау үдерісіне елеулі үлес қоспақ. Білім алушылар күн панельдерінің өнімділігін өлшеу, инсоляция бұрышының әсерін зерттеу, жылу мен шаңданудың ықпалын талдау сияқты оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар студенттерге панельдердің орналасуын оңтайландыру, тиімді түрлендіргіштерді пайдалану, аккумуляция жүйелерін интеграциялау, күн энергетикасын физика, инженерия және экология сабақтарына енгізу арқылы жобалық және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса, экономикалық және экологиялық талдау жүргізу мен цифрлық басқару жүйелерінде жұмыс істеуге дағдыланады.

Жас зерттеушілер күн электр станциясының жұмысын бақылау және басқару үшін SolarMan SMART платформасын қолдана алады. Бұл жүйе инвертордың жұмыс көрсеткіштерін онлайн режимде қадағалауға, деректерді талдауға, ақауларды анықтауға және қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. SolarMan SMART сервері арқылы нақты уақыттағы өнімділік, өндірілген және тұтынылған энергия көлемі, жүйенің тиімділігі туралы толық ақпарат алуға болады.

Күн электр станциясының басты артықшылықтарының бірі – кампустың энергетикалық тәуелсіздігін арттыру және экологиялық таза энергия көздерін қолдану. Мұндай жобалар студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, теориялық білімді нақты практикалық қолданумен байланыстыруға және жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары бұл жоба еліміздегі жоғары оқу орындарында жасыл энергетика мен тұрақты даму қағидаттарын енгізудің жарқын үлгісі болады деп сенеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Этносаралық араздықты қоздыру фактілерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейту керек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Медициналық кітапшалардың электрондық форматы енгізілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.