Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетРуханиятФотогалерея

Биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр

Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы «Qazaq Radiosy» және «Shalqar Radiosy» радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өте маңызды мәселе

admin_altyalash

Президент су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

admin_altyalash

Түркістан облысында Алаш арыстары мен Қажымұқанға ескерткіштер орнатылды

admin_altyalash