Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

12 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы салынады

Арқалық қаласында 12 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңының құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске қосылды. Жобаны жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайтын «AB Agro-KZ» ЖШС жүзеге асыруда.

Аумағы 10 гектарды құрайтын нысанның құрылысы 2025–2026 жылдары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұған қоса, 3 мың бас еділбай тұқымды қойға арналған репродуктордың құрылысы қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 500 млн теңге.

«Жобалар етті қой шаруашылығын дамытуға, өндіріс көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін көтеруге бағытталған», – деп атап өтті «AB Agro-KZ» ЖШС өкілдері.

«AB Agro-KZ» компаниясы қой мен ешкі өсірумен айналысады. Нарықта екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын мал шаруашылығы саласындағы өндірістік қуаттарын белсенді түрде кеңейтіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шахматтан ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы финалға шықты

admin_altyalash

Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

admin_altyalash

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash