Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды», – деді полициядан.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕР КҮНДЕРІ АЯСЫНДА «СЫР ӨҢІРІ – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ

admin_altyalash

Өңір «Ауыл аманаты» жобаларының саны бойынша алдыңғы қатарда

admin_altyalash

Француз көрермендеріне «Көшпенділер әуендері» бағдарламасын ұсынды

admin_altyalash