Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Баласын өлтіріп, көміп тастаған азамат сотта соңғы сөзін айтты

admin_altyalash

ҚАЗҰУ-ДА ҚАЗАҚСТАН-АҚШ ЦИТОМАТРИЦАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_altyalash

Астанадағы бірнеше мектепке белгілі тұлғалардың есімі берілді

admin_altyalash