Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді

«Акмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан күндері «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезенің өткізді.

Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, «Білім-инновация» лицей-интернатынан, Астана қаласы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 154 оқушы қатысты.

 

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);

4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

 

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 13, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және  бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 6 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Атап айтсақ, «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада. Оған 7-11-сыныпта оқитын қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері)  оқушылар қатыса алады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Разъяснение Председателя Верховного Суда, члена Комиссии по конституционной реформе Асламбека Мергалиева касательно положений статьи 28 новой Конституции

admin_altyalash

Нурлан Коянбаев объявил среду «Днём Казахстана» в Threads и запустил позитивный челлендж

admin_altyalash

Три крупные площадки по продаже наркотиков выявили в Казнете

admin_altyalash