Біз архивтегі материалдармен қолымыз жеткенше, «тісіміз батқанша» жұмыс істейміз – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Біз архивтегі материалдармен қолымыз жеткенше, «тісіміз батқанша» жұмыс істейміз

13.02.2025
0
Біз архивтегі материалдармен қолымыз жеткенше, «тісіміз батқанша» жұмыс істейміз
Алматыда екі бірдей туындының тұсауы кесілді.

Осыған орай AmalBooks баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбай БАҚ өкілдерімен кездесіп, оқырман назарына жол тартқан екі бірдей туынды туралы тың деректерді бөлісті.

Қазақ тарихына негізделген кі­таптар 2021 жылы негізі қаланған «Таза тарих» сериясы аясында ұсын­ылып отыр. Ең бір ерекшелігі де сол, осыдан тура 100 жыл бұрынғы Мұха­метжан Тынышбайұлының қазақ халқының шығу тегі мен мемлекет­тілігінің қалыптасуына арналған ең­бегі ана тілімізге тұңғыш рет ау­дар­ы­лып, оқырманмен қайта қауышты. Кездесу барысында Бақытжан Бұқарбай екі әдеби жобаның төл тарихымызда алар маңызы мен жарыққа шығу тарихы турасында баяндап берді.

– «Қазақ халқының тарихы» және «Семь лет в Казахии» – «Таза тарих» сериясы негізінде шыққан он үшінші және он төртінші кітаптар. Оның бірі – ХХ ғасырдың 50-жыл­дарында қазақ даласында жеті жылдай өмір сүрген ағылшын саяхатшы­ларының туындысы. Ерлі-зайыпты Аткинсондар Қазақстанның Шығыс өңірінде болған. Лепсіге келіп, Алатау бөктеріне дейін түскен. Олар Қазақстанға сапары кезінде көрген-білген деректерін естелік ретінде жазып қалдырды. Әрине, Қазақстан­мен ғана шектелмеген, сонымен қатар олар Сібірді аралаған. Біз автор­лардың еңбегінен қазақ халқына қатысты тарауларды іріктеп алып, нәтижесінде жинақ ретінде басып шығардық. Бұл кітаптың ерекшелігі – ағылшын саяхатшылары сол заман­дағы қазақ даласында мекендеген ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін өз көзқарасымен баян­дайды. Сондай-ақ кітапта қазақ халқының тарихы, этнографиясы, географиясы, мәден­иеті жайлы құнды көзқарастар жи­нақ­т­алған. Екінші кітап – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушы­лардың бірі, тарихшы-ғалым, тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тын­ышбайұлының 1925 жылы орыс тілінде жарияланған зерттеу кітабы. Біз былтыр арада жүз жыл өтсе де бұл кітаптың әлі күнге дейін қазақ тіліне аударылмағанын білдік. Рас­ында, бұл біз үшін жаңалық болды, – деді Бақытжан Бұқарбай.

Бүтін бір елдің тарихына үңілу, шығар­машылық салада ұлттың өткені мен бүгінін арқау ету – үлкен жауап­кер­шілік пен терең ізденісті талап ететін күрделі процесс. Кітап баспасы бір ғасыр бұрын жарияланған еңбекті қазақ тіліне тәржімалау алдында тарихшылардың ой-пікірін басты назарға алған.

– Біз кітапты басып шығару ал­дында тарихшы мамандардың көмегіне жүгіндік. Қазақстан тәуел­сіздік алған уақытта Тынышбаев тақ­ыры­бын алғаш зерттей бастаған, тіпті әлі күнге дейін зерттеу жұмыс­тарын жалғас­тырып келе жатқан Гүлбану Жүген­баева есімді ғалым бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстанда Тын­ыш­баевқа қатысты тұңғыш диссерта­ция жазған маман. Біз оның еңбегін қазақ тіліне аударып, толыққанды әзірлегеннен кейін Гүлбану ханым сүзгіден өткізіп шықты. Біз тарих­шының мақұлдауынан кейін ғана кітапты баспаға бердік, – деді баспагер.

Сондай-ақ баспагерден архив­тегі тарихи дерек­термен жұмыс істеу про­цесі турасында сұрап көрдік. Ба­қытжан Бұқарбай үлкен деректер қорымен жұмыс істеу үшін архивтерді аралау қомақты қаражатты талап ететінін, дегенмен соған қарамастан заманауи техно­логия­лардың шексіз мүмкіндігін пай­даланатынын, соның ішінде цифр­ландырылған деректерге сүйенетінін атап өтті.

– Архив мәселесіне келгенде біздің ресурстарымыз шексіз емес екендігін атап өткім келеді. Егер архивтерді ақтаратын болсақ, бұл ретте іссапар шығыны сияқты біршама қаржылай мәселелер бар. Өкінішке қарай, мұн­дай шығындарды көтеруге мүмкіндік жоқ. Өйткені қазірдің өзінде біз ай­на­лысып жүрген баспа кәсібі – маржасы төмен салалардың қатарына кіреді. Алайда біз архивпен жұмыс істейтін ғалымдармен тығыз байла­ныста болуға тырысамыз. Әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы өзінің архивін цифрландырды және оқыр­манға ақпаратты пайдалануға рұқсат берілді. Мұнда біршама архив дерек­терді табуға болады. Біз архивтегі материалдармен қолымыз жеткенше, «тісіміз батқанша» жұмыс істейміз, – деді Б. Бұқарбай.

Бақытжан Бұқарбай «Семь лет в Казахии» кітабын алдағы уақытта қазақ тіліне аудару мәселесі жоспарда бар екенін жеткізді. Тарихымызды айшықтайтын құндылығы жоғары әрі бұрын-соңды жарияланбаған деректерді қамтитын қос шығарма 1 500 данамен сатылымға қойылған.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан облысы кәсіпкерлері Үкіметке өз ұсыныстарын жеткізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.