Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН КІРПІШ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң мұнда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады.
Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етуде. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс толығымен автоматтандырылған.

фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында бір отбасында 9 жасар екінші бала зорланған

admin_altyalash

«Әйел кішкентай қызды байлап тастаған»: Полиция департаменті мәлімдеме жасады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

admin_altyalash