Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураӨнер

«Есімдер» бірегей жобасы аясында ұмытылмас симфониялық және аспаптық өнер кешін сыйлады

«Астана Балет» театры өткен демалыс күндері классикалық музыка сүйер қауымға «Есімдер» бірегей жобасы аясында ұмытылмас симфониялық және аспаптық өнер кешін сыйлады.

«Есімдер» жобасының мақсаты – дүниежүзінде еліміздің музыка мәдениетінің символына айналған Қазақстанның танымал солисттері мен көрнекті музыканттарын бір сахнаға жинау.

«Есімдер» жобасы аясында тек елде ғана емес, шетелдерде де жетістікке жеткен отандық классикалық музыканың көрнекті өкілдері Әмір Тебенихин, Жәния Әубәкірова және Марат Бисенғалиев өнер көрсетті.

Концерт ұйымдастырушылары репертуарды мұқият таңдаған. Музыкалық кештің бірінші бөлімінде театр оркестрінің орындауында Франц Шуберттің әйгілі «№ 8 симфониясы» («Аяқталмаған») орындалды.

Концерт барысында «Астана Балет» театрының сахнасында симфониялық оркестрмен бірге бүгінгі музыканың жарқын өкілдері, танымал халықаралық байқаулардың лауреаттары – скрипкашы Қаламқас Жұмабаева, виолончелші Ермек Құрманаев, сондай-ақ пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір Тебенихин өнер көрсетті. Олар 1803 жылы Людвиг ван Бетховен жазған әйгілі «Үштік концертін» шебер орындады.
Музыка тарихына «Үштік концерт» солистер мен оркестрге арналған ең керемет шығармалардың бірі ретінде танылған. Оның күрделілігі мен әсемдігі орындаушылар арасында ерекше құрметке лайық, ал драмалық дамуы мен шеберлігі осы күнге дейін тыңдармандарды баурап алады.

«Есімдер» жобасы әлі де жалғасын табады. Көрермен қауым танымал музыканттар мен әртістердің өнерін тамашалай алады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Южная Корея запустила производство телевизоров и стиральных машин в Карагандинской области

admin_altyalash

Анар Бурашева стала первой казахстанкой, покорившей все семь высочайших вершин каждого из континентов

admin_altyalash

Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие.

admin_altyalash