Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Түркістан облысында бройлер құс фабрикасы салынады

“Қарқын Трейд” ЖШС Түркістан облысында қуаттылығы жылына 48 000 тонна ет шығаратын тігінен интеграцияланған бройлер құс фабрикасын салады. Бұл жоба құс етіне ішкі және сыртқы нарықтарда өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта кәсіпорын қуаттылығы жылына 12 000 тонна дайын өнім өндіретін ет өңдеу зауытын, 2000 басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды.
Өндіріс қуатын кеңейту жобасы 5 жылға есептелген.
2026 жылы бірінші кезеңде 16 000 тонна құс еті өндірілсе, 2028 жылы өндіріс қуаты 32 000 тоннаға, ал 2030 жылға қарай-48 000 тоннаға дейін жеткізіледі. Жобаның жалпы құны: 52,9 млрд теңге.
Қазіргі уақытта жобаны іске асырудың барлық аспектілерін қамтитын егжей-тегжейлі бизнес-жоспар әзірленді, қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әлеуетті инвесторлармен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобындағы сенаторлар этносаралық қақтығыстардың алдын алу және проблемаларын талқылады

admin_altyalash

Ұлықбек Есдәулет – тарих тереңіне бойлап, тамырын қаламмен аршып, ұлт мұрасын биік көтерген ерекше дарын иесі

admin_altyalash

ШЫҰ халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды – Тоқаев

admin_altyalash