Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

ШЫҰ халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды – Тоқаев

Фото: экраннан алынған скрин / Kazinform

 – Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы Елордада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде біздің ұйым халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды және тұрақты өсім мен жалпыға ортақ прогресті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келеді. Елдеріміздің саясат пен қауіпсіздік, экономика мен мәдениет салаларындағы жемісті өзара іс-қимылы бүкіл еуразиялық құрлықтың даму векторын айқындайды.

«Шанхай рухын нығайту және Шанхай принциптерін ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Біздің бірлестігіміздің бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді», – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: КВИ БОЙЫНША ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА, МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА

admin_altyalash

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде тұрғын үй саясатына қатысты бірқатар проблеманы атады

admin_altyalash

KAZENERGY құрамына кіретін компаниялар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуде

admin_altyalash