Бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелері жедел шешілуі қажет – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелері жедел шешілуі қажет

20.02.2025
0
Бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелері жедел шешілуі қажет

Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді.

Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру.

Сыртқы істер министрлігі, Kazakh Invest компаниясы басшылығының жұмыс қарқыны және инвестициялық қызмет динамикасына әсер еткен факторларды талдау бойынша ақпараты тыңдалды. 2024 жылы Қазақстанда 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Инвестициялық штабтың жұмысы бір жыл ішінде жалпы құны $50 млрд-тан асатын жобалар бойынша инвесторлардың 115 проблемалық мәселесін жоюға мүмкіндік берді.

Қазақстанның неғұрлым жоғары қайта өңдеу және экспорттық мүмкіндіктер үшін әлеуеті бар бәсекелестік артықшылығы басым тауашаларға инвесторларды мақсатты тарту тәсілі енгізілуде. Ынтымақтастық пен белсенді инвестициялау кезеңіне өтудің нақты перспективалары бойынша келіссөздер жүргізу үшін сала көшбасшысы – үздік 10 компания анықталды. Осылайша, жұмыс экономиканың қажеттіліктерін, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын және басқа факторларды ескере отырып, «инвестицияларға тапсырыс беру» қағидаты арқылы қайта құрылады.

Мысалы, Қытайдың ірі агроөнеркәсіптік компанияларымен нәтижелі жұмыс жүргізілді. Fufeng Group жақын арада Жамбыл облысында $350 млн-ға жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Dalian Hesheng Holding Group биыл жазда Ақмола облысында бидайды терең өңдеу кешені шеңберінде $650 млн-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріседі. Барлық компаниялармен жобаларды «жайластыру» бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, яғни инфрақұрылымға қол жеткізу және әкімшілік мәселелерді жедел шешуді қосқанда, қолайлы жағдайлар жасау.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын өндіруді және басқаларын қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтитын $12 млрд инвестициялардың жалпы көлемі бар 20 стратегиялық жоба айқындалды. Ұсынылған жобалардың ішінен биыл 14 жоба бойынша инвестициялар туралы келісімдер жасасу қарастырылуда, 13 жоба бойынша – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, тағы 16 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жұмыс сапарлары, кездесулер мен басқа да іс-шаралар аясында жүзеге асыру туралы уағдаластықтар жасалған жобаларға назар аударылды. Премьер-министр іске асыру мерзімдері шегерілген инвестициялық жобаларға егжей-тегжейлі тоқталды. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары мен Астана, Шымкент қалаларының әкімдері және денсаулық сақтау, сауда министрлері баяндама жасады.

«Бүгінде әкімдіктер тарапынан инвестиция тарту бойынша қабылданып жатқан шаралары өңірлердің әлеуетін ашып көрсетпейді, экономикалық әлеует жеткілікті пайдаланылмай отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті өзін-өзі басқару вертикалының барлық деңгейінде, оның ішінде аудан әкімдері деңгейінде де жүргізілуі тиіс», — деп тапсырды Премьер-министр.

Өңір әкімдіктері, Министрліктер жұмысының жоспарлы көрсеткіштерін енгізу бойынша тәсілдер мақұлданды.

Жобаларды іске асыруды мониторингілеу мен бақылауды күшейтудің пәрменді тетігі бүгінде 1159 жоба туралы деректер бар жаңа Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа болады. Деректер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе толтырылып, жергілікті жерлерде әкімдіктер тексереді.

Сонымен қатар кеңес барысында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне әсер ететін және шара қолдануды талап ететін бірқатар түйткілді мәселе атап өтілді. Олардың қатарында инфрақұрылымның тапшылығы мен жедел қамтамасыз етілмеуі, күрделі әкімшілік рәсімдер мен рұқсат берудегі кідірістер, жер телімдерін берудің ұзақ мерзімдері бар. Аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды..

«Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл бағыттағы жұмыстар Премьер-министрдің ерекше бақылауында.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

TikTok-қа шектеу қою мәселесін қарастырғанымыз жөн

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өңір «Ауыл аманаты» жобаларының саны бойынша алдыңғы қатарда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.