Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Жетісу облысында «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды

Шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу мақсатында Жетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды.

Мектептің басты ерекшелігі – аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады.

Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.

Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі лауазымынан босатылды

admin_altyalash

Антиядролық ұстаным: Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы

admin_altyalash

Бүгін әдебиет пен мәдениеттің қос қазынасы тоғысқан күн

admin_altyalash