Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ербол Алшынбай өлеңдері: АҚШ жазушысы пікір білдірді

22.02.2025
0
Коллаж: Abai.kz

АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында тұратын америкалық жазушы Джудит Линбергтен өткенде оның «Ақмарал» атты романы жөнінде сұхбат алған едім. Сұхбатында ол көшпелілердің мәдениетіне қызығатынын, мүмкін болса соған қатысты қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқығысы келетінін айтып еді.

Ізін суытпай мен оған талантты ақын Ербол Алшынбайдың «Жылқы ғана жалғандағы серігім» атты топтама өлеңдерін ағылшын тіліне жолма-жол аударып жібердім. Мұндағы себеп, Ербол Алшынбайдың аталған топтамасы көшпелі қазақтың адамнан зият жануардың сыр-сипаты, біздің халқымыздың оны қалай бағалайтыны жақсы берілген. Былайша атйқанда, бұл топтамада тұтас Тұран даласын дүбірлеткен тұлпарлардың ізі айқын білінеді. Ал осы топтаманы сонау Нью-Джерсиде оқыған жазушы Джудит Линберг өз әсерін бөлісті.

Джудит Линберг, жазушы: 

– Маған осы бір ерекше топтама өлеңдерді жібергеніңіз үшін рақмет. Әр бөлімінен мен дала тынысын, оның қуатын сезіне алдым. Далада өскен шу асау пырақтар мен оны жырлаған ақынның қарым-қатынасы маған тек жеке байланыс қана емес, сонымен қатар көшпенді өмір салты мен ұмыт болған дәстүрлердің метафорасы ретінде көрінді. Өлеңде Берелдегі жылқы қорымдарының бейнесі мен «дауыл мен уақыт мүжіп тастаған ежелгі молалар, ұмыт болған зираттар топыраққа айналып барады» деген жолдар бұл дәстүрлердің өткен шақта терең көміліп қалғанын көрсетеді.

Алайда, өлеңнің кейінгі бөлігінде ақын оны жеке естелік ретінде бейнелейді – бала кезінен жылқылардың ортасында өскен жас бала (Көз алдымда кіл сандал арғымақ…) өзінің бала кездегі бәсіресі қара тай болғанын еске алады. Тіпті ақын онымен ерекше байланыста болған десек те болады. Бірақ ақыры заман талабына сай білім алу үшін қалаға кетуге мәжбүр болып, сол сүйікті дәстүрлерін артта қалдырады. Бұл сәтті «Құлыннан өскен қара тай, жол жоғын артта білдің бе?» деп суреттейді. Бұл жеке естелік бала санасына терең сіңіп қалғандай, бұл бүкіл ел мен мәдениет үшін де ұмытылмас белгі іспеттес. Біз бәріміз заманауи әлемде өмір сүруге бейімделуге мәжбүр болсақ та, өткеннің рухы әлі де бізбен бірге ілесіп келеді.

Шындығында, бұл жырлардың өн бойында тек сол бір қара тайдың соану алыс балалық шақта қалуы ғана емес. Менің ойымша, «Жылқының қу басы туралы жыр» деп аталатын бөлім өткен дәстүрлердің жоғалуы мен үзілуін бейнелеп тұр. Білсек, бұл өлең тек автордың әкесінің асына  сойылған жылқы туралы ғана емес. Дұрыс түсінген шығармын деп ойлаймын. Өткенге деген сағыныш пен қайғы соңғы бөлімге дейін қуатты түрде жалғасады. Ақын жырында бейнелеген «Жылқының оралуы» маған барлық қасірет пен күйреуге қарамастан, көк аспан (сонымен бірге бұл дәстүрлі Тәңір ұғымына да сілтеме болар) қайта оралады дегенді білдіретіндей пайым мен түсінік пайда болды. Жылқылар – көшпенді өмірдің, терең тамырлы дәстүрлердің рухы – қайта оралып, өлеңнің соңғы жолында айтылғандай (Төңкерілер түннен беру тұлпарлар), «жер астынан қазылып алынатын» қымбат қазынаға айналады.

Бұл – шынымен де ғажайып өлең топтамасы. Алыс Америкада, сонау Нью-Джерсиде осы жырлардың жолма-жол аудармасын оқып, өз әсерімді бөлістім. Мені танті еткен бұл өлеңдердің түпнұсқа тілінде одан да әсерлі екенін елестетіп отырмын.

Дүйсенәлі Әлімақын

Abai.kz 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сенатор балаларға арналған ойын топтамасын әзірлеушімен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жыл басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.