Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мәжіліс ТМД аясындағы халықаралық келісімді ратификациялады

Мәжіліс 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында жасалған көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Оның негізгі мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында қызмет көрсету бойынша еркін сауда аймағын құру.

– Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің қызмет берушілері үшін серіктестер нарығында неғұрлым тиімді шарттар ұсыну туралы міндеттемелерін бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТМД кеңістігінде неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуал құрады, – деді Арман Шаққалиев.

Министр келісімге Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар, жер мәселелері, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар және жаңартылатын энергия көздерін реттеу секілді мәселелер жатпайтынын айтты.

Келісімді ратификациялау Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге, отандық қызметтердің экспортын ынталандыруға, ТМД елдерінде филиалдарын ашу кезінде отандық кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасауға және өзара инвестицияларды тарту мен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Астана әкімі ерекше балаларды қолдау шаралары туралы айтты

admin_altyalash

Су тасқынына байланысты 6 өңірде жедел желі жұмыс істеп тұр

admin_altyalash

Қазақстанның үш облысын байланыстыратын жол ашылды

admin_altyalash