Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнерФотогалерея

«Дода» өнер сайысы аясында танымал композиторлардың әндері шырқалды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» өнер сайысы өтті.

Байқауға «Қазақконцерт» ұйымының әртістері, «Бірлік» және «Шалқыма» би ансамбльдері, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымы, «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «Қорқыт» этно-ансамблі қатысты.

Сахнада күмбірлеген күйлер шертіліп, халық әндері шырқалды. Асқан шеберлікпен орындалған хореографиялық нөмірлер кеш көркін аша түсті.

Көптеген кәсіби музыкант пен орындаушылардың репертуарынан орын алған белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», қазақ халқының табиғатқа деген терең сүйіспеншілігін, әсемдігін жырға қосқан Манарбек Ержановтың «Сайра бұлбұл» шығармалары орындалды.

Көрерменге қазақ халқының еңбексүйгіштігі, адалдығы мен табандылығы суреттелетін «Еңбек туралы» жыр-термесі ерекше әсер қалдырды. Аталмыш терме биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтетін концерттің репертуарына енді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА РЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin_altyalash

Қазақстан мен Корея – жылдар бойы ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктестер

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 135 ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_altyalash