Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Экономиканың нақты секторын қаржыландыру туралы» тақырыбындағы Үкімет отырысында баяндама жасады.
«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсу үрдісін «бекітуді» тапсырды. Осы саланы дамыту үшін ағымдағы жылы 1,5 трлн теңгеге 190 жоба енгізілетін болады», – атап өтті Министр.
Сонымен қатар жалпы бағасы 15,3 трлн теңге тұратын 417 жоба бойынша жұмыс басталды. Жобаларды қаржыландыру жеке инвестициялар, екінші деңгейлі банктер және даму институттары есебінен көзделуде.
Ерсайын Нағаспаев 1,1 трлн теңгеден аса сомаға өңдеу өнеркәсібі жобалары қаралуда. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі арқылы ірі жобаларды іске асыруға 183 млрд теңге қажет. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы орта және шағын жобалар үшін 800 млрд теңге қаралуда. Соның ішінде биыл шағын бизнес тарапынан ерекше сұранысқа ие шағын өнеркәсіптік аймақтарды қаржыландыруға шамамен 100 млрд теңге қажет.
Аталған шаралар өнеркәсіптің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика салаларының дамуына мүмкіндік береді.
Одан бөлек, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы қоғамдық көлік пен арнайы техниканы жаңарту үшін лизингке шамамен 109 млрд теңге қажет. Нәтижесінде, алдағы екі жылда 900 жуық жаңа автобус, сондай-ақ шұғыл және коммуналдық қызметтерге арналған 800 астам арнайы техника жеткізілетін болады.
«Биыл 19 млн ш. м. тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда», – түйіндеді Министр.
Оның 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 300 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды орнатуға 120,6 млрд теңге, «Отбасы Банкінің» «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыруға 80 млрд теңге бағытталады.
Сурет: primeminister.kz