Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Жер саласында талмай еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар марапатталды

Наурыздың екінші сенбісі — жерге орналастыру, геодезия және картография күні. Кәсіби мерекеге орай жер саласында талмай еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар марапатталды.

Шара Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің бастамасымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қабырғасында өтті.

Ашылуында ҚР АШМ вице-министрі Е.Тасжүреков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Әшімбетов құттықтау лебіздерін жеткізді.

«Сіздердің біліктіліктеріңіздің арқасында жер ресурстарын басқару жүйесі жетілдіріліп, тұрақты дамып келеді. Залда болашақ жерге орналастырушы, геодезист және картограф маман болатын студенттер отыр. Сіздер осы саланың ертеңі, еліміздің болашағысыздар» — деді Ербол Тасжүреков.

Шара барысында жер саласында талай жыл үздіксіз қызмет жасап келе жатқан мамандар еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде, 17 азамат «Құрметті жерге орналастырушы» салалық төсбелгісімен, 29 маман «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Итоги Генеральной Ассамблеи FEI: Казахстан утверждён страной проведения международных соревнований в 2026 году

admin_altyalash

Во имя справедливости!

admin_altyalash

Молодёжь Карагандинской области приняла участие в экологической акции «Таза Қазақстан»

admin_altyalash