Қазақстанда “Жасанды интеллект әліппесі” кітабының тұсаукесері өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда “Жасанды интеллект әліппесі” кітабының тұсаукесері өтті

13.03.2025
0
Қазақстанда “Жасанды интеллект әліппесі” кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстанда “Жасанды интеллект әліппесі” кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет қазақ тілінде жазылған түпнұсқа болуымен ерекшеленеді. Іс-шара барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен ai-hub.kz сайты таныстырылды. 

Алматыда өткен кітаптың таныстырылымына халықаралық сарапшылар ғалымдар, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері,  медиа, білім және технология саласының белгілі тұлғалары мен мамандары қатысты.

Президент Қасым–Жомарт Тоқаев «Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының тиімділігі жыл өткен сайын арта түспек. Сондықтан алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан Еуразиядағы аса ірі цифрлық хабқа айналуға тиіс. Цифрлық даму мәселесіне тың, жаңаша көзқараспен қарау қажет», – деген болатын.

Жалпы бастамашы топтың айтуынша, еліміздің де аталған сала көшінен қалмауы үшін екі жыл бұрын қазақ тілді аудиторияға арнап арнайы еңбек жазуға кіріскен. Саланы зерттеп жүрген кітап авторы – жасанды интеллект және IT технология саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлы “Еңбек–  бағдарламалауды білмейтін, бірақ AI мүмкіндіктерін зерттеп, қолданғысы келетін адамдарға арналған. Жасанды интеллект саласындағы негізгі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіреді. Қазірдің өзінде сұраныс өте жоғары болғандықтан, кітапты екінші басылымға жіберіп жатырмыз»,-деді.

Белгілі журналист, қаламгер, публицист әрі еңбектің редакторы Қайнар Олжай жасанды интеллект деген не деген сауалға толық жауап беретін кітаптың өте сауатты жазылғанын, қазақ оқырманына ауадай қажет екенін атап өтті. “Ал жасанды интеллекті қалай жұмсау керек” дегендер үшін толық тәжірибелік курс қамтылған. Ой ісіндегі қолғанатқа сан салада берілетін тапсырма (оны “промпт” дейді екен) толық тізілген. Шекесінен шертіп алып қолдана бересіз»,-деді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, Кембридж Университетінің түлегі Гүлмира Қанай болса, «Білім беру саласында өзгерістерді жасайтын бірден-бір фактор технология. Аталған кітап, отандық ғылым мен білім саласының жаңа өзгерістерге бейімделуінде маңызды қадам деп санаймын»,-деді.

Сондай-ақ белгілі медиа менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы, белгілі әдебиеттанушы ғалым Мамай Ақетов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті деканы Қанат Әуесбай өзге де қатысушылар өз лебіздерін білдірді.

Кітап туралы белгілі педагог Өмірбек Шыныбекұлы да «Осы кітапты Оқу–ағарту министрлігінің сарапшылары қарап шығып, қосар–алар тұстары болса, автормен жұмыс істеп, мектептерге тарату керек. Жасанды интеллект дәуірінде оны дұрыс қолдану, промптарды дұрыс жазу әдісі маңызды деп ойлаймын»,-деп салалық министрге ұсыныс жасаған болатын.

Кітап Орталық Азия елдерінде жасанды интелект саласына қатысты алғаш шыққандықтан Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен аударуға ұсыныстар түскен.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркі дүниесі Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлемде қазір ең маңызды салаға айналған жасанды инттелект бойынша да бауырлас елдердің де алатын өз еншісі бар екенін айтты.

Іс-шара аясында жаңа құрылған «AI-HUB» компаниясының мақсаты айтылды. Оның басшысы Ержанар Әшейханның сөзінше, компания – жасанды интеллект, IT, кибер және ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық және цифрлық технологиялар, сондай-ақ биотехнологияларды зерттеу мен дамытуға бағытталған бірегей ұйымға айналуды көздейді. Негізгі мақсаты – озық технологияларды түрлі салаларға енгізу, халықтың цифрлық және ақпараттық сауатын арттыру, сондай-ақ салалық стартаптарды қолдау.

Жасанды интеллектке қатысты алғаш рет оқулық басып шығарған Ai-Hub publishing баспасы болса, алдағы уақытта  жаратылыстану, IT мен жасанды интеллект саласына қатысты әлемдегі танымал кітаптарды қазақша аудармақ. Сонымен қатар, сала ғалымдары, мамандарымен бірлесе отырып балаларға, оқушылар мен студенттерге арналған оқулықтар мен әдістемелер әзірлеуді көздеп отыр. Сондай-ақ жасанды интеллект терминдерін жасау мен энциклопедиясын қазірден бастап дайындауды қолға алмақ.

Сондай-ақ «AI-HUB» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Нұрболат Нышанбаев түркі мемлекеттері жасанды интеллект саласы өкілдерінің басын қосатын TurkAI қауымдастығы құрылып, бауырлас елдермен бірлескен жұмыстар күшейтілетіні хабарланды. Жиынға Түркі елдерінен және Еуропадан жасанды интелект саласында жұмыс істейтін компания басшылары онлайн қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Түркияның Robotzade технологиялық компаниясы директоры Мерт Доған  Түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект ассоциациясының Қазақстанда құрылуының өзі маңызды оқиға деп атап өтті. «Түркі халықтары арасындағы байланыс тек, саясат пен экономикада ғана емес, сонымен қатар білім, ғылым және технология салаларында да өте мығым болуы қажет деп санаймын. Қазақ тілінде тұңғыш жарияланып отырған, «Жасанды интеллект әліппесі» еңбегімен құттықтаймын. Бұл кітап, тұтас Түркі дүниесі үшін өте зор маңызға ие»,-деді.

Ал өз кезегінде Біріккен Араб Әмірлігінің AI Global компаниясы өкілі Аммара Афтаб  «Жасанды интеллекті саласында алғашқы қазақ тіліндегі кітаптың жариялануы тұтас аймақ үшін өте маңызды қадам. Қазақстанда, құрылып, тұтас аумақты қамтуды мақсат етіп отырған АI-Hub  компаниясына сәттілік тілеймін!», -деді.

Шотландияның AI-Tech solution LTD компаниясының бас директоры Роберт Сим: «Соңғы жылдары, жасанды интеллекті бүкіл әлем бойынша өмірдің барлық салаларына кіруде. Бізге  бірлесіп көптеген жетістіктерге жетуге болады. Алдағы уақытта Қазақстанның AI-Hub компаниясымен ортақ жобаларымызды жүзеге асыратымызға сенімім мол»,-деді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта кітаптың тұсаукесері Астана қаласы мен барлық облыс орталықтарында өтетінін хабарлады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Туризм саласы – Қазақстан экономикасының маңызды қозғаушы күштерінің бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.