Ұлттық құрылтай – елдік ой-пікір алаңы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай – елдік ой-пікір алаңы

14.03.2025
0
Ұлттық құрылтай – елдік ой-пікір алаңы
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы “Қазақ газеттері” ЖШС бас дирекоры Дихан Қамзабекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ұлттық құрылтай – елдік ой-пікір алаңы. Қордаланған қоғамдық мәселелерді шешудің жөн-жобасы, тәжірибесі. Абылайдың арманын салмақтаған, Кенесарының қажырын айғақтаған Бурабай жерінде Құрылтайдың жұмыс секциялары басталды. Біз бүгін соның “Мәдениет, өнер, руханият”, “Білім мен ғылым” бөлімінде ой қозғап, пікірімізді ортаға салдық. Отандық БАҚ-қа сұхбат бердік.

Мәдениет пен руханият бағдарындағы пайым:

1) Қоғам мәдениетінің өзегі – жауапкершілік. Адами қарым-қатынасты, елдік құндылықтарды дұрыс қалыптастыру үшін де заң мен тәртіп қажет. Қазір әлеуметтік желі мен жұрт ортасында ұлт, тіл, діл, дін, дәстүр, мәдениет т.б. құндылықтарын мансұқтайтын, терістейтін, келемеждейтін фактілерді заң аясында жауапкершілікке тарту – елбұзарлықтың алдын алу болар еді.

2) Мәдениет пен өнер салалары арасындағы ықпалдастыққа мән берген абзал. Мысалы, бірде-бір ертегі оқымаған суретшіні кездестірдік. Немесе қайбір мүсінші ән-күй қасиетін түсінгісі де келмейді. Абайдың бір өлеңін білмейтін музыканттар аз емес.

3) Дәстүрлі БАҚ пен орта білім жүйесінің арасы алшақтап барады. Газет-журнал оқымаған мұғалім, оқушы ешқашан кітап оқымайды. Мектеп пен мерзімді басылымдар арасын ажыратқан, жазылуды күштеп тоқтатқан сала басшылары А.Байтұрсынұлы мұратын мүлде түсінбеген.

4) Бүгінгі көкейкесті “жайлы мектеп” атауы – техникалық атау. Бұған мазмұн, идея және серпін берген дұрыс. Мысалы, “Ахмет Байтұрсынұлы лицейлері жүйесі”. Сонда бәсеке де, іскерлік те, елдік мүдде де, мәдениет те артады.

Білім мен ғылым бағдарындағы пайым:

1) Бізде бір “әттеген-ай” ғылым салаларының қауымдастығы (ассоциация) жоққа тән. Кейде ғана математиктер, физиктер қауымдастығы көрініп қалады. Бұл неге керек? Пәннің, ғылым саласының өлшемін, қағидаттарын т.б. анықтап, жүзеге асыру үшін керек. Оқулықтағы сабақтасты да осы құрылым жүйелеуі қажет.

2) Жаратылыстану мен техникалық ғылымға қойылатын өлшемді әлеуметтік-гуманитарлық ғылымға механикалық түрде қоюға мүлде болмайды.

3) Ғылым тілі ретінде қазақ тілін дамытудың бірден-бір жолы доценттік (қауым. профессор), профессор атағын алу үшін Ережеге скопус мақаласынан бұрын қазақ тілінде оқулық жазу мен классикалық оқулықты аударуды кіргізсек, отандық жоғары мектеп ұтар еді. Негізі, доценттік, профессорлық ғылым жасағаны үшін емес, дәріс оқып, әдістемені жетілдіргені үшін беріледі. Оқулық – дәл осы бағыттың талабы. Бұл – салалық ғылым тілін дамытудың жолы.

4) PhD білім бағдарламасына келейік. Қаншама адам бітірді. Бірақ талаптың қаттылығынан (кейде қисынсыздығынан) көбісі диссертация қорғай алмай жүр. Ал осы қорғамағандар 3 жыл оқығаны рас қой. Неге оларға диплом бермейміз? Ресейде, Ұлыбританияда “оқыды” деп диплом береді. Біз неге осыны жүзеге асырмаймыз? Әрине, ғылыми диссертациясын қорғап жатса, соған сай атағын алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жезқазғанның басқа мемлекеттік мектептерінде экобокстар орнату жоспарлануда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.