Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ

Испанияның Коста-Брава қаласында пара үстел теннисінен өткен ITTF World Para Future Costa Brava 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 29 елден 164 спортшы бақ сынап, мықтылар анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Алтынай Ержанқызы аралас жұптық (XD20) санатында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

«Бұл турнир мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әрбір ойын – өз алдына бір сынақ, бар күшімді салып, елімнің намысын абыроймен қорғауға тырыстым. Қасымдағы серіктесіммен жақсы үйлесім тауып, жоғары нәтиже көрсете алдық. Әрине, алтын жүлдеге бір қадам жетпей қалғанымыз өкінішті, бірақ бұл – жаңа белестерге ұмтылуға үлкен мотивация.
Жеңісіме қолдау білдірген бапкерлеріме, жанкүйерлеріме, отбасыма алғыс айтамын. Бұл – мені қолдаған барша жанның ортақ жетістігі!» – дейді Алтынай Ержанқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Как и где будут проходить Всемирные игры кочевников в Астане

admin_altyalash

Неправительственные организации Казахстана обсудили Послание Президента РК

admin_altyalash

Казахские песни участников Silk Way Star становятся мировыми хитами

admin_altyalash