Бүгін – Жаңару күні. Осы ретте «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарының ұжымы, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері «Мәңгілік алау» мемориалы ауласына ағаш отырғызды. Жеңісті жақындатқан майдангер жауынгерлерімізге қойылған ескерткіш тақталарды жуып, қоқыстан тазартты.
Жаңару күнінде аманаттықтар 50-ге жуық түп қарағаш, терек, Сыр талын екті.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов игі бастамаға қолдау көрсетіп, әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтып, жаңару күнінде бақ-береке тіледі.
Жаңару күнінде тазалыққа үндейтін акция бүгін партияның барлық аумақтық филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында жалғасын табуда.