Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс

01.04.2025
0
Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс

Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №51 білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері, ақсақалдар және ата-аналар қатысты.
Жаңа да жайлы мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген білім ордасында 65 сынып-комплект бар. Оның ішінде екі мектепалды даярлық сыныбы жұмыс істейді. Мектепте 100-ге жуық педагог еңбек етеді.
Жаңа мектеп 33 оқу кабинетімен қатар, үш информатика кабинеті, робототехника сыныбы, STEM зертханасы, графика және модельдеу, мультимедиа, визуалды өнер пәндік кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ «үй мәдениеті» мен «тамақтану мәдениеті» шеберханалары қарастырылған. 250 орындық акт залы, 338 орындық асхана, ресурстық орталық пен кітапхана, екі спорт залы, екі футбол алаңы оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді.
Аймақ басшысы жаңа мектептің ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде білім ордасының Қарағайлы ықшам ауданы үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бүгін, міне, осы жоба аясында Абай облысындағы алғашқы мектепті пайдалануға беріп жатырмыз. Оқушылар мен ата-аналар бұл күнді асыға күтті. Біз де әкімдік тарапынан мектептердің тезірек, төртінші тоқсанда пайдалануға берілуіне күш салдық. Бұған дейін қаланың басқа мектептеріне қатынап оқыған оқушыларға тамаша тарту жасадық деп ойлаймын. Білім ордасының барлық ұстаздары мен оқушыларына үздік жетістіктер мен жарқын болашақ тілеймін. Жаңа да жайлы мектеп құтты болсын» деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп салу жоспарланғанын, бүгін Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылатынын, жаңа оқу жылында Семей қаласы мен Аягөз қаласында екі білім ордасы пайдалануға берілетінін айтты. Облыс әкімі ашылу салтанатынан соң қонақтармен бірге мектептің кабинеттері, кітапханасы, зертханаларын және шеберханаларын аралап, спорт залдары мен футбол алаңын көрді. Оқушылармен, мұғалімдермен пікірлесіп, жаңа мектептегі жаңа қадамдарына сәттілік тіледі.
Оқушылардың ата-аналары жаңа ықшам ауданның екінші мектеппен толыққанына ризашылықтарын жеткізді.
«Жаңа мектептің салынуы Қарағайлы тұрғындарының көптен бергі арманы еді. Ықшам ауданның ата-аналары балаларын қаланың түкпір-түкпіріндегі мектептерге түрлі көлікпен тасып, қиналып жүруші еді. Өйткені, Қарағайлыда жалғыз ғана мектеп болды. Бүгін осы мәселе шешімін тауып, қуанышқа бөленіп отырмыз. Жаңа мектепте оқушыларға не керектің бәрі бар. Барлық жағдай жасалған. Осындай мектеп салып бергені үшін Президентімізге алғыс айтамыз», – деді Қарағайлы ықшам ауданының тұрғыны Бақтылы Қанафина.

 

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дәстүрлі «Ақ марафон» шаңғы жарысының салтанатты ашылуы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.