Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоДуховность

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 бейнеролик түсірді

«Ержүрек есімдер» атты бейнероликтер циклы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 80 қазақстандық батыр туралы баяндайды. Роликтерде әрбір кейіпкердің өмір жолы мен жауынгерлік ерлігі, жеңіске қосқан үлесі көрсетіледі.

Бейнероликтер топтамасы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты 14 аймақтық телеарналардың эфирінен 27 наурыздан бастап, 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін көрсетіледі.

Жобаның мақсаты — соғысқа қатысқан қазақстандық батырлар туралы ақпараттарды жүйелей отырып, олардың тарихи ерлігіне құрмет қалыптастыру. Бейнероликтер көрермендердің Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы білімін кеңейтуге, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ержүрек есімдер» жобасын жасауда республика бойынша әр өңірдің Ардагерлер кеңесі ұйымынан, батырлардың ұрпақтарынан автобиографиясы мен естеліктер жинақталды. Сондай-ақ, «Ұмытылған қаһармандар» (2019 ж.), «Герои Великой Победы – Казахстанцы» (І том, 2016 ж.), «Герои Великой Победы – Казахстанцы» (ІІ том, 2016 ж.), «Сайыпқыран сарбаздар» (2022 ж.) кітаптарынан ақпарат алынды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарские хирурги смогут облегчить жизнь пациентам на диализе

admin_altyalash

Новый стандарт обеспечения: впервые национальные сборные Казахстана получают полный комплект экипировки

admin_altyalash

Новая система стимулирования медработников ПМСП направлена на профилактику хронических заболеваний

admin_altyalash