Қоғамның көңіл-күйі, Президентке деген сенім және жасанды
интеллект – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма
төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметінің
подкастында әлеуметтанулық әдістер арқылы қоғамды қалай «естуге»
болады және бұл деректер неге мемлекеттік шешімдерге ықпал етеді деген
сұрақтарға жауап берді.
2019 жылы құрылған Институт отбасылық және гендерлік саясат,
қоғамдағы құндылықтар мен көңіл-күй, медиа және т.б. салаларда 200-ге
жуық зерттеу жүргізді.
Институт тоқсан сайын Қазақстанның барлық өңірлерінде ел
дамуының негізгі бағыттары, ҚР Президенті мен Үкіметтің бастамаларын
қолдау бойынша 2400 адамды қамтитын face to face жаппай сауалнама
жүргізеді. Зерттеу нәтижелеріне тоқтала келе, Нұрбек Матжани
респонденттердің 80,2%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім
білдіретінін атап өтті. Басты себептер қатарында шет елдермен арада
жанжалдың болмауы, жаңа бағдарламаларды іске асыру, өмір сүру сапасын
жақсарту, елдегі тұрақтылық бар.
«Бұл ретте респонденттердің көпшілігі, яғни 80,7% Президенттің
қызметін қолдайтынын айтып, мына бастамаларын ең сәтті деп есептеген.
Бұл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап
зейнетақыны көтеру, 2025 жылғы студенттердің шәкіртақысын арттыру, 2025
жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау және балаларға арналған
«Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі», – деді Нұрбек
Мәтжани.
Сонымен қатар, қоғамның ҚР Үкіметіне деген сенім деңгейі 71,7%.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 72,7% елдегі жағдайды тұрақты әрі
жайлы деп сипаттаған.
Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы Нұрбек
Матжанидің пікірінше, зерттеу орталықтарының сапалы жұмысы дұрыс
шешім шағаруға ықпал етеді.
Подкаст барысында сондай-ақ әдістеменің объективтілігі, жасанды
интеллект дәуірінде әлеуметтанудың алдында тұрған міндеттер туралы
айтылды.
Нұрбек Матжанидің сөзінше, ChatGPT платформасы кеңінен
қолданылғанымен, аналитика, болжам жасау арнайы дайындалған
мамандардың ғана қолынан келеді.
Подкаст қонағы Қазақстандық қоғамдық даму институты дайындаған
«Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы туралы да айтып өтті. Кітап
ЖОО кітапханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қорларына
таратылады.
1. Қоғамның көңіл-күйі қалай анықталады – Қазақстандық
қоғамдық даму институты 200-ге жуық зерттеу жүргізді
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының
төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің
подкастында жүргізілетін зерттеулер мен қолданылатын әдістер жайлы
айтып берді.
Институт 2019 жылы құрылған. Қазір оның құрамында бес
орталық бар: Социологиялық зерттеулер орталығы, Отбасы және
гендер мәселелерін зерттейтін орталық, Қоғамдық процестерді
зерттейтін орталық, «Media Lab» орталығы және Сараптамалық-талдау
басқармасы.
«Осы уақытқа дейін шамамен 200 тарта түрлі деңгейде, түрлі
форматта және түрлі көлемдегі зерттеулерді жүргіздік. Социологиялық
зерттеуде көп қолданылатын тәсілдер сандық (жаппай сауалнама) мен
сапалық социологиялық зерттеу. Сапалық социологиялық зерттеуде
тереңдетілген сұқбат жаппай сауалнама көрсете алмайтын деректерді
алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кеңінен қолданылатын тағы бір тәсіл
– фокус-топтық талқылаулар деп аталады. Ол жерде бірнеше адам
сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеуге қатысады. Сауалнама
анонимді түрде жүргізіледі», – деді Нұрбек Мәтжани.
ҚҚДИ ірі зерттеулерінің ішінде «Қазақстан Республикасындағы
отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп
аталатын ұлттық баяндама бар. Онда отбасындағы тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың себеп-салдары, заңдағы олқылықтар, әлемдік тәжірибе
талданады.
«Қазақстан отбасылары» Ұлттық баяндамасына тоқталатын болсақ,
бұл жерде отбасылық модель қалай өзгеріп жатыр, ата-ана мен
баланың арасындағы қарым-қатынас, елдегі ажырасуға деген көзқарас
көрсетіледі.
Зерттеулердің көбі үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде
ұсынылады.
2. Респонденттердің 80,7%-ы Президент Қасым-Жомарт
Тоқаевтың қызметін қолдайды – ҚҚДИ
Қазақстандық қоғамдық даму институты тоқсан сайын еліміздің
барлық өңірлерінде социологиялық зерттеудің кең таралған әдісі
жаппай сауалнама жүргізеді. «Қазақстандық қоғамдық даму
институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжанидің
айтуынша, 2400 адамға face to face сауалнамасында негізгі
көрсеткіштер бойынша, оның ішінде ҚР Президенті мен Үкіметтің
бастамаларын қолдау бойынша сұрақтар қойылады. Орталық
коммуникациялар қызметінің подкастында ҚҚДИ басшысы бірқатар
нәтижелерге тоқталды. Респонденттердің басым бөлігі, яғни 80,2%
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірген. Сауалнамаға
қатысушылардың Мемлекет басшысына не себепті сенетіні туралы ең
жиі айтқан жауаптары: шетелдермен арада жанжал болмауы, кемел
саясат жүргізуі, жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруы, өмір сүру
сапасын жақсарту, елдегі тұрақтылық.
«Сонымен қатар, респонденттердің көбі, яғни 80,7% қазіргі
Президенттің қызметін қолдайтынын айтып, мына бастамаларды ең
сәтті деп есептеген. Бұл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, 2025
жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақыны көтеру, студенттердің
шәкіртақысын арттыру, 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп
жариялау және «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі», –
деді Нұрбек Матжани.
ҚҚДИ Үкіметтің жұмысына да байланысты сауалнама жүргізеді.
Зерттеу қорытындысы бойынша Үкіметке деген қолдау өте жоғары.
«Біздің сауалнамамызға сәйкес ҚР Үкіметіне деген қоғамның
сенім деңгейі 71,7%. Респонденттердің 84,8 % көңіл күйлерінің жақсы
екенін көрсеткен. Елдегі жағдайды 75,1% тұрақты, әрі жайлы деп
сипаттаған», – деді спикер.
3. Сапалы зерттеулер дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді
– Нұрбек Мәтжани
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының
төрағасы Нұрбек Мәтжанидің айтуынша, соңғы жылдары зерттеу
орталықтарына, олардың жұмысына көп көңіл бөлінуде.
«Зерттеу институттарының жұмысын күшейту арқылы елдегі
сапалы шешімдердің шығу мүмкіндігі де артады», – деді ҚҚДИ
басшысы.
Оның сөзінше, жүргізілген зерттеу нәтижелерін мемлекеттік
органдар өз жұмысында қолданады.
«Біз шешім шығармаймыз, бірақ шешім шығаратын министрлікке
сапалы зерттеулер ұсынамыз. Зорлық-зомбылыққа байланысты
болсын, гендерлік мәселеге байланысты болсын, министрлік біздің
позициямызды үнемі сұрайды», – деді Нұрбек Мәтжани.
Бұл ретте Нұрбек Мәтжани Қазақстандық қоғамдық даму
институты әлеуметтік зерттеу тақырыптары аясында деректі фильмдер
түсіргенін айтты.
«Өте маңызды зерттеуіміз – бұл балалар үйінен түлеп шыққан
тәрбиеленушілердің қоғамға интеграциясы. Онда үлкен тереңдетілген
сұқбат болды, оған 40 адам қатысты, оның 30-ы балалар үйінің
тәрбиеленушілері, 10-ы эксперт. Сол жерден де 4 тәрбиеленушіні
іріктеп алып, солардың өміріне арналған деректі фильм түсірдік», –
деді Нұрбек Мәтжани.
4. ChatGPT маманды алмастыра ала ма – әлеуметтанушының
пікірі
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының
төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің
подкастында ChatGPT пайдалану мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
Оның айтуынша, жасанды интеллекті адамдардың жұмысын
жеңілдетеді, бірақ аналитика, болжам жасауға келген кезде адамды
алмастыра алмайды.
«Жалпы әлем негізі техно-оптимистер және техно-пессимистер
деп бөлінеді. Әсіресе, технологияға келген кезде. Техно-пессимистер
ол әлемді жасанды интеллект, технологиялар жаулап алады, адамдар
жұмыссыз қалады, жаппай жұмыссыздық болады деген бір сарында
пікір білдіреді. Техно-оптимистер керісінше, бәрі жақсы болады,
керісінше бізге жаңа мүмкіндіктер ашылады, жұмысымыз жеңілдейді
деген басқаша пікір білдіреді», – деді Нұрбек Мәтжани.
Оның пікірінше, жасанды интеллект пен адамның когнитивті
мүмкіндіктері, оның пайым-парасаты қатар жүрген кезде, адамзаттың
өмірі әлдеқайда жақсара түспек.
«Біздің артықшылығымыз – біздің интервьюерлер әр өңірге
барады, екі адамның арасында бәрібір байланыс орнайды. Сол
тұрғысынан социологиялық зерттеулер кезінде face to face әдісін
жасанды интеллект алмастыра алмайды деп ойламын», – деді ол.
5. Қазақстандық қоғамдық даму институты оқырманның
академиялық жазу машығын дамытуға арналған кітап шығарды
«Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы әлемдік
тәжірибеге сүйене отырып, дайындалды. Кітаптың авторлары
сарапшылар, ғалымдар, тіл мамандары – Айбарша Қажыәкпар,
Гүлшат Түсіпова, Назгүл Қожабек және Дәметкен Абдулаева.
«Бұл ғылыми еңбекте академиялық мәтін жазу негіздері жан-
жақты зерттелген. Тақырыпты түсінуден, ойлаудан және әдебиетті
таңдаудан бастап академиялық стильге тән сөзжасам ерекшеліктеріне
дейінгі бүкіл процеске егжей-тегжейлі шолу жасалған.
«Бұл кітап Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарына тегін
таратылады және біздің сайтта электронды нұсқасы бар», – деді
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының
төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметінің
подкастында.
Сонымен қатар, ҚҚДИ ағылшын тілінде беделді ғылыми
журналдарда жарық көрген ғылыми мақалаларды қазақ тіліне аударып,
KIPD Bulletin журналын шығарады.
«Бүгінгі күнге дейін 6-7 саны шықты. Бұл жерде отбасы
мәселелері де, жасанды интеллекті де, музей, кітапхана, театрларға да
байланысты зерттеулер бар. Бұл қазақ тілді ғылыми ортаның әлемдегі
озық ойлы зерттеу жұмыстарына қол жеткізу», – деді спикер.
ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ТУРАЛЫ
ҚҚДИ-ДІҢ ҚСЖ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан
қоғамдық даму институты» КеАҚ 3–13 наурыз аралығында елдегі қоғамдық-
саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне қатысты тоқсан сайынғы сауалнама
жүргізді.
Ақпарат жинау үшін жүзбе-жүз (face-to-face) сұхбат негізінде жаппай
сауалнама жүргізу әдісі қолданылды.
Зерттеу Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан үлкен) жынысы,
жасы, тұрғылықты жері мен елді мекен түрі бойынша іріктейтін ұлттық
іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 2400 респондент.
Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірін:
республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17
облыс орталығын және ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Сауалнама азаматтардың әлеуметтік көңіл күйін бағалауға, халықтың
әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын талдауға, елдегі қоғамдық-саяси
жағдайды зерделеуге, жергілікті атқарушы органдардың қызметін, әлеуметтік
ахуалды, мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін, халықтың
электоралдық көзқарасы мен заң үстемдігінің маңызына қатысты пікірін
бағалауға арналған.
Сауалнама қатысушылары елдің тұрақты дамуы үшін ең маңызды
бағыттардың бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету деп санайды.
Респонденттердің 81,7%-ы Қазақстанның болашағы үшін заң
үстемдігі өте маңызды дейді. Ал 80%-ы бұл әр азаматтың өмірінде де аса
маңызды деген пікір білдірді. («Өте маңызды» және «Маңызды деуге
болады» жауаптарының қосындысы).
Респонденттердің 79,8%-ы Қазақстанда демократияның
қалыптасуына заң үстемдігі үлкен рөл атқарады деді.
Жалпы, азаматтар заң алдында барша адам – лауазымы мен кәсібіне
қарамастан – тең болуы керек деген пікір білдірді.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ
ҚҚДИ-ДІҢ ҚСЖ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан
қоғамдық даму институты» КеАҚ 3–13 наурыз аралығында елдегі қоғамдық-
саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне қатысты тоқсан сайынғы сауалнама
жүргізді.
Ақпарат жинау үшін жүзбе-жүз (face-to-face) сұхбат негізінде жаппай
сауалнама жүргізу әдісі қолданылды.
Зерттеу Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан үлкен) жынысы,
жасы, тұрғылықты жері мен елді мекен түрі бойынша іріктейтін ұлттық
іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 2400 респондент.
Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірін:
республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17
облыс орталығын және ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Сауалнама азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалауға, елдегі
қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге және жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне баға беруге арналған.
Азаматтық қоғамның қазіргі жай-күйіне қатысты халық пікірі
негізінен оң бағаланып отыр. Респонденттердің басым бөлігі (73,2%)
Қазақстанда азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында
өзара байланыс орнатуға қажет барлық жағдай жасалған деп есептейді
(көрсеткіш «иә» және «иә деуге болады» жауаптарының қосындысы).
Сауалнама қатысушыларының 66,8%-ы мәслихаттарды, қоғамдық
кеңестер мен консультативтік-кеңесші органдарды, салалық жұмыс
топтары мен үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдары
мен халықаралық ұйымдарды атқарушы билік жұмысының ашықтығы мен
жариялығын қамтамасыз ететін тиімді құрал деп санайды (көрсеткіш «иә»
және «иә деуге болады» жауаптарының қосындысы).
Азаматтық қоғам жұмысына қатысты ең көп қолдау тапқан үш
пікірдің бірі – халықтың мәселелерін шешуге жергілікті өзін-өзі басқару
органдары тиімді ықпал етеді деген ой (66,7%) (көрсеткіш «иә» және «иә
деуге болады» жауаптарының қосындысы).
ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ
ҚҚДИ-ДІҢ ҚСЖ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан
қоғамдық даму институты» КеАҚ 3–13 наурыз аралығында елдегі қоғамдық-
саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне қатысты тоқсан сайынғы сауалнама
жүргізді.
Ақпарат жинау үшін жүзбе-жүз (face-to-face) сұхбат негізінде жаппай
сауалнама жүргізу әдісі қолданылды.
Зерттеу Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан үлкен) жынысы,
жасы, тұрғылықты жері мен елді мекен түрі бойынша іріктейтін ұлттық
іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 2400 респондент.
Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірін:
республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17
облыс орталығын және ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Сауалнама азаматтардың әлеуметтік көңіл күйін бағалауға, елдегі
қоғамдық-саяси жағдайды зерделеуге, жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне баға беруге, сондай-ақ халықтың атом электр станциясының
құрылысына деген көзқарасын анықтауға арналды.
Тоқсандық сауалнаманың нәтижелеріне сүйенсек, респонденттердің
абсолют көпшілігі, яғни 80,2%-ы, Президент Қ.К. Тоқаевқа сенім білдіреді.
Сауалнама қатысушыларының Мемлекет басшысына не себепті
сенетіні туралы ең жиі айтқан жауаптары мыналар: «шет елдермен арада
жанжал болмауы», «кемел саясат жүргізуі», «жаңа бағдарламалар мен
жаңа бастамаларды жүзеге асыруы», «осы президент кезінде өмір
сапасының жақсаруы», «елдегі тұрақтылық» (жауаптар респонденттердің
сөздерінен алынған).
Зерттеу аясында Президенттің қызметін бағалауға қатысты да сұрақ
қойылды.
Сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, тоқсандық зерттеуге қатысқан
респонденттердің көпшілігі (80,7%) қазіргі Президенттің қызметін
қолдайды.
Мемлекет басшысы ұсынған әрі респонденттер көбірек қолдаған 5
бастама мен реформа қатарына мыналар енді:
Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында
тұрғын үй жағдайы мен білім беру саласын жақсартуға қаржы бөлу
және оны пайдалану туралы бастамасы,
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақыны көтеруі,
2025 жылы студенттердің шәкіртақысын арттыруы,
2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы,
Балаларға арналған «Келешек» Мемлекеттік білім беру жинақтау
жүйесі туралы Заңның қабылдануы.
ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚҚДИ-ДІҢ ҚСЖ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан
қоғамдық даму институты» КеАҚ 3–13 наурыз аралығында елдегі қоғамдық-
саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне қатысты тоқсан сайынғы сауалнама
жүргізді.
Ақпарат жинау үшін жүзбе-жүз (face-to-face) сұхбат негізінде жаппай
сауалнама жүргізу әдісі қолданылды.
Зерттеу Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан үлкен) жынысы,
жасы, тұрғылықты жері мен елді мекен түрі бойынша іріктейтін ұлттық
іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 2400 респондент.
Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірін:
республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17
облыс орталығын және ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Сауалнама азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалауға, елдегі
қоғамдық-саяси жағдайды зерделеуге, жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне баға беруге, сондай-ақ халықтың атом электр станциясының
құрылысына деген көзқарасын анықтауға арналды.
Халықтың Үкіметке деген сенімі мен оның жұмысына деген қолдауы
жоғары деңгейде қалып отыр.
Тоқсандық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының
Үкіметіне деген қоғамның сенім деңгейі 71,7%-ға, ал қолдауы 72,7%-ға
жетті. Бұл көрсеткіштер Үкіметтің бастамалары мен қабылдаған
шараларына деген қолдаудың жоғары деңгейде сақталып отырғанын
көрсетеді.
ҚОҒАМДЫҚ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ ҚАТЫСТЫ
ҚҚДИ-ДІҢ ҚСЖ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстан
қоғамдық даму институты» КеАҚ 3–13 наурыз аралығында елдегі қоғамдық-
саяси жағдайдың негізгі көрсеткіштеріне қатысты тоқсан сайынғы сауалнама
жүргізді.
Ақпарат жинау үшін жүзбе-жүз (face-to-face) сұхбат негізінде жаппай
сауалнама жүргізу әдісі қолданылды.
Зерттеу Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан үлкен) жынысы,
жасы, тұрғылықты жері мен елді мекен түрі бойынша іріктейтін ұлттық
іріктеме негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі – 2400 респондент.
Әлеуметтанулық зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірін:
республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17
облыс орталығын және ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Сауалнама азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалауға, елдегі
қоғамдық-саяси ахуалды зерделеуге және жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне баға беруге арналған.
2025 жылғы бірінші тоқсандағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек,
сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым бөлігі (84,8%) өз өміріне көңілі
толатыны айтты (көрсеткіш «толықтай ризамын» және «көбіне ризамын»
деген жауаптардың қосындысы).
Сауалнама жүргізген сәтте респонденттердің көпшілігі (84,8%) көңіл
күйінің жақсы екенін («қалыпты, бірқалыпты көңіл күй» және «өте жақсы
көңіл күй») атап өткен.
Қазақстандықтардың өмір сапасына көңілі толу деңгейіне әсер ететін
қоғамдық-саяси ахуалға қатысты бағасы да көбіне жағымды сипатқа ие.
2025 жылғы бірінші тоқсанда зерттеуге қатысқандардың басым көпшілігі
(75,1%) елдегі жағдайды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттады.
Аймақтардағы жағдай да тұрақты әрі қолайлы деп бағаланды (77,4%).