Тіл саясаты ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетті дамытуда және халық ерекшелігін сақтауда шешуші рөл атқарады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тіл саясаты ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетті дамытуда және халық ерекшелігін сақтауда шешуші рөл атқарады

16.04.2025
0
Тіл саясаты ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетті дамытуда және халық ерекшелігін сақтауда шешуші рөл атқарады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Айгүл Қапбарова Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Кездесуге қатысушылар қазақ тілін дамыту, маман даярлау, заң терминологиясын біріздендіру және жасанды интеллекті пайдалану мәселелерін талқылады.

Нұртөре Жүсіп шара барысында Қазақстанның мемлекеттік тіл саясаты ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдениетті дамытуда және халық ерекшелігін сақтауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Ол көпұлтты қоғамда әртүрлі этностар мен тілдердің үйлесімді өмір сүруіне бағытталған, бұл ретте қазақ тілін дамыту мен нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Қазақстанда тіл саясатын жетілдіру мемлекеттік тілді нығайту барлық этникалық топтар тіліне құрметпен астасып жатқан теңдестірілген, икемді және заманауи жүйе қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Диалог, өзара құрмет және тең мүмкіндіктер арқылы ғана тілдік үйлесім мен қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізуге болады», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор талқылау барысында қазақ тілін дамыту үшін жасанды интеллект технологиясын қолдану туралы ойларын ортаға салды. Ол цифрландыру ұлттық тілдерді сақтау мен насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді. Қазақстан жағдайында қазақ тілінің цифрлық ортаға белсенді ықпалдасуын қамтамасыз ету аса маңызды.

Сенатор Айгүл Қапбарова ақпараттық тұғырнама, әлеуметтік желі және мультимедиялық ресурс арқылы қазақ тілін кеңінен таратудың келешегіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл арналар мәдени ерекшелікті қалыптастырады, өзін-өзі көрсету құралы ретінде қызмет етеді және қоғамдық санаға әсер етеді.

«Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту шаралары цифрлық кеңістікпен біте қайнасып жатуы тиіс. Бүгінгі таңда ақпараттар мазмұны тек оқу құралы ғана емес, сонымен қатар қазіргі мәдениеттің көрінісі болып табылады. Қазақ тілінде сапалы, тартымды және қолжетімді мәтіндер ауқымы неғұрлым көп жасалса, оның ықпалы мен беделі, әсіресе жастар арасында соғұрлым жоғары болады», – деді Айгүл Қапбарова.

 Суретті түсірген: А.Байжұманов

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы метрополитенінде QR-код арқылы жолақы төлеуге болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа өнімнің астық экспорты 7 млн тонна болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.