Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиНовости зарубежьяПолитика

АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық шеруі өтті

фото:nytimes.com

Сенбі күні АҚШ-та мыңдаған адам көшеге шығып, АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатына қарсылық білдірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Акцияға қатысушылар Трамп азаматтық бостандықтарды және заңның үстемдігін бұзып жатыр деп есептейді. Бұл жайлы eadaily.com порталы «The New York Times» сілтеме жасап жазады. Сонымен қатар, олар оның тым қатал көші-қон саясатына, федералды жұмыс орындарының қысқаруына және ел экономикасына зиян келтіріп жатқан әрекеттеріне наразылық танытты. NYT мәліметінше, Ақ үйдің алдында өткен демонстрацияда наразы топ бірнеше рет «ұят» деп ұрандатқан.

Вашингтон монументінен басталған тағы бірнеше мың адамнан тұратын топ Конститутция даңғылы бойымен шеруге шығып, Ақ үйдің Килмар Абрего Гарсияны елге қайтарудан бас тартуына қарсы шықты. Гарсия — Мэриленд штатының тұрғыны, ол Сальвадорға депортацияланған.

АҚШ жалауын төңкеріп ұстаған шерушілер «Килмарды үйге қайтарыңдар» деп ұрандатты. Трамп әкімшілігінің өкілдері Гарсияны сальвадорлық MS-13 бандалық тобының мүшесі деп айыптаса, өзі бұл айыптауды жоққа шығарады.

Ұқсас жаңалықтар

Достижения Казахстана в борьбе с сердечно-сосудистыми заболеваниями и раком были отмечены в докладе ВОЗ

admin_altyalash

МВД: предотвращено свыше 85 миллионов мошеннических вызовов

admin_altyalash

Казахстан признан одной из самых безопасных стран мира

admin_altyalash