Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарӨнер

ENU жастары ел намысын абыроймен қорғады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық «Dubai Grand Festival» өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді.

«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғарғы марапаты – Бас жүлдеге ие болды.

Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл ENU жастары үшін үлкен шабыт пен жаңа белестерге жол ашқан айтулы шара болды.

Ұқсас жаңалықтар

Табиғатқа жанашырлықпен қарау – біздің бүгінгі ісіміз бен болашаққа қалдырар аманатымыз

admin_altyalash

XIX Азия ойындары: Қазақстан үшінші жүлдені алды

admin_altyalash

Дубайда қымбат пәтер алған қазақтарды құзырлы органдар тексереді

admin_altyalash