Сырбойылықтар ұлт театрының іргетасы Қызылордада қаланғанын әрдайым мақтан етеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Сырбойылықтар ұлт театрының іргетасы Қызылордада қаланғанын әрдайым мақтан етеді

27.04.2025
0
Сырбойылықтар ұлт театрының іргетасы Қызылордада қаланғанын әрдайым мақтан етеді

Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай, КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театрлар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер, педагог Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы келіп қатысты.
Салтанатты рәсімде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын.
Өткен жылы өңірімізде жарияланған «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, ел игілігіне қызмет етуде. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, пайдалануға берілді.
Облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, тарихи-өлкетану музейі салынуда. Аталған нысандар жақын күндері іске қосылмақ.
Тарихтан белгілі, 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театры ұйымдастырылды. 1926 жылы 13 қаңтарда Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы тұңғыш рет сахналанып, халық өнерпаздарының концертімен театр шымылдығы ашылды.
Сырбойылықтар ұлт театрының іргетасы Қызылордада қаланғанын әрдайым мақтан етеді. Сыр өнерінің қарашаңырағы – Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ драма театры 1955 жылы Талдықорған қаласында құрылып, 1960 жылы Қызылорда қаласына көшірілді. Театрға 1997 жылы музыкалық, 2019 жылы академиялық мәртебе берілді. Бүгінгі 70 жылдық мереке мен өнер тойы құтты болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, тұғыры нық болғай!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада аймақтың мәдениет саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталды. Асанәлі Әшімов жылы лебізін білдіріп, Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Дара» медалін табыстады.
Рәсімде фестиваль қонағы Сәбира Майқанованың кызы Гүлдәр Әбділқызына құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері,Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақытбек Алпысбаевқа “Парасат” ордені табысталды.
Фестиваль 25–30 сәуір аралығында өтеді. Шараға Грузия, Румыния, Қырғызстан мемлекеттерінен келген театр ұжымдарымен қатар, Жезқазған, Семей, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Қостанай және Алматы облыстарының театрлары қатысады.
Бағдарламада Островский, Шекспир, Маркес, Айтматов сынды әлем және түркі әдебиетінің классиктерінің туындылары, сондай-ақ қазіргі қазақ драматургиясының үздік шығармалары көрерменге ұсынылады. Театрсүйер қауым драма, трагедия, комедия, перформанс және эксперименталды қойылымдарды тамашалай алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.