Өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруы тиіс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруы тиіс

28.04.2025
0
Өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруы тиіс

Ақтау қаласында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көліктік логистиканы ғылыми сүйемелдеу және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі мәселелеріне арналған кезекті көшпелі отырысы өтті.

Академия президенті А.Күрішбаев алғы сөзінде дәстүрлі мұнай-газ секторымен қатар Маңғыстау облысының көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы перспективаларын көрсете отырып, талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Өңірдің қолайлы географиялық жағдайын ескере отырып, көлік дәлізін кеңейту және Қазақстанды халықаралық көлік хабына айналдыру стратегиялық міндетке айналғанын тілге тиек етті.

Жақында облысқа жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы логистиканы дамытуға ерекше назар аудара отырып, өңір экономикасының өсуі үшін басым бағыттарды белгіледі. Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындау үшін озық технологияларды енгізу, логистикалық процестерді цифрландыру және тасымалдарды басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану қажет. Бұл мәселелерді шешуде өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруы тиіс.

Ұлттық ғылым академиясы Маңғыстау облысы мен өңірлік ғылым және технологиялар Кеңесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, еліміздің жетекші ғылыми ұйымдар өкілдері арқылы Кеңес құрамын кеңейту, оны ғылыми және инновациялық мәселелерді кеңінен талқылау үшін талдау орталығы мен платформаға айналдыру ұсынылды. Сондай-ақ өзекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін өңірлік ғылым қорын құру туралы бастама ұсынылды.

Отырыс барысында Маңғыстау облысының әкімі Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ғылыми ұйымдардың басшылары, елдің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысқан кең пікір алмасу өтті.

Отырыс барысында өңірлік ғылымның дамуының өзекті мәселелері, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы талқыланды. Қатысушылардың назарына жаңа зерттеулердің нәтижелері, өңірлік ғылымның тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық тәсілдер мен бастамалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» қабылданған Заңы аясында өңірде қолданыстағы және болашақ өндірістердің дамуына қатысты технологиялық мәселелер мен проблемаларды шешу мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар өңір ерекшеліктеріне бейімделген ғылымды дамытудың жаңа басым бағыттарымен танысты.

Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Маңғыстау облысындағы өңірлік ғылымның басым бағыттарын айқындауға арналған форсайт-сессия өткізілді. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылды. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Отырыс өңірдегі ғылым мен технологиялық дамуды нығайту, ғылыми зерттеулер мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты орнату, сондай-ақ өңірлік ғылымның әлеуетін арттыру жолдарын қарастыру үшін маңызды алаңға айналды.

Академия Президиуымы көшпелі отырысының қорытындысы бойынша көлік логистикасын дамыту және саланы ғылыми сүйемелдеу мәселелері бойынша аналитикалық жазба дайындалып, өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары бекітіледі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.