фото:prosports.kz
UFC 315 турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан канадалық Брэд Катонаны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бекзат Алмаханның кәсіби рекорды 12-2 болды. UFC-дегі бұл оның екінші жекпе-жегі. Ол ұйымдағы дебютін 2024 жылдың наурызында Умар Нурмагомедовке қарсы өткізген болатын. Сол кездесуде қарсыласын алғаш рет нокдаунға түсіргенімен, шешіммен жеңілген еді.
Бекзат UFC-дегі алғашқы жеңісін 2025 жылы тіркеп, осы жылы Қазақстан үшін ұйымдағы алғашқы жеңісті әкелді. Бұған дейін Асқар Алмабаев, Николай Веретенников және Дияр Нұрғожа өз жекпе-жектерінде жеңілген болатын.