Педагогтің алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі ерекше міндет тұр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Педагогтің алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі ерекше міндет тұр

13.05.2025
0
Педагогтің алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі ерекше міндет тұр

Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірдегі білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, педагогтер қауымдастығымен және оқу жылында жетістікке жеткен білім алушылармен кездесті.

Бүгінде өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7000-ға жуық орындық 10 мектептің құрылысы жоспарланған, оның алтауы пайдалануға берілген. Одан бөлек 47 мектепті жаңғырту көзделіп отыр. Сонымен қатар 2027 жылға дейін балабақшаларға кезектілікті жою мақсатында 13 мыңнан астам орындық 56 мектепке дейінгі білім беру ұйымын ашу жоспарлануда.

Өңірдегі білім беру ұйымдары басшыларымен өткен кездесуде министр білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, ұстаз мәртебесін сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Мемлекет педагогтерді қолдау және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Бүгінде педагогтің алдында ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі ерекше міндет тұр. Білім беру ісіне ішкі тұрғыдан кемелденген, заманауи сын-қатерлерге төтеп бере алатын зияткер ұрпақты тәрбиелеуге қабілетті жанашыр ұстаздардың келуі маңызды», – деді министр Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында министр түрлі зияткерлік жарыстардың жеңімпаздарынан құралған «Дарынды балалар» ұйымының мүшелерімен кездесті. Министр оларға отандық білім имиджін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, жетістіктер тіледі. Сонымен қатар №290 жайлы мектепте «Ұстаздар галереясының» салтанатты ашылуына қатысты. Мұнда педагогтердің авторлық бағдарламалары негізінде оқушылар инженерлік-техникалық және қолданбалы өнер бағыттары бойынша ерте кәсіби бағдар алуда. Осылайша, мектеп тек қана білім алу ғана емес, мүмкіндіктер кеңістігіне айналуда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

АМЕРИКАҒА АПАРАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құрылғы аймақтық робототехника чемпионатта үздік ондыққа енді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.