Кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және күшті кадр әлеуетін қалыптастыру – осы саладағы тұрақтылықтың кепілі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және күшті кадр әлеуетін қалыптастыру – осы саладағы тұрақтылықтың кепілі

15.05.2025
0
Кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және күшті кадр әлеуетін қалыптастыру – осы саладағы тұрақтылықтың кепілі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Кітапхана ісін дамытудың заманауи тенденциялары» тақырыбына арналған дөңгелек отырысын өткізді.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп отырысты аша келіп, кітапханалардың білім, мәдениет және қоғамдық диалог орталығы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол жас ұрпақтың сұранысы мен цифрлық технологияны ескере отырып, оларды жаңғырту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ оқырман мәдениетін қалыптастыру мен білім беру үдерістерін қолдаудағы кітапхананың рөліне назар аударды.

«Технологиялық қарқынды даму жағдайында кітапхана жүйесін жаңғырту, оны цифрлық тұрғыда және жастардың жаңа сұранысына бейімдеу аса маңызды. Бұқараның білімге теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін аймақтық және мамандандырылған кітапханаларды дамытуға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуға ерекше назар аудару керек. Кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және күшті кадр әлеуетін қалыптастыру – осы саладағы тұрақтылықтың кепілі. Мекемеаралық өзара іс-қимылды өрістету және жүйелі мемлекеттік қолдау арқылы біз қоғамның зияткерлік және рухани дамуының негізі ретінде оқу мәдениетін қалыптастыра аламыз», – деді Нұртөре Жүсіп.

Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Айбек Сыдықов өз кезегінде бүгінгі таңда Қазақстанда кітап пен оқырман арасындағы маңызды мәдени көпір ретінде қызмет ететін 3 890 қоғамдық кітапхана бар екенін атап өтті. Олардың қоры 72 миллион данадан асады. Қазіргі кезде жылына 5 миллионнан астам тұтынушы және 55 миллион келуші тіркелді. Әйтсе де кітапхана жүйесінде бірқатар қиындықтар байқалып отыр. Олардың ішінде нормативтік-құқықтық базаның ескіруі, өңірлердегі кітапханалар санының азаюы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және мамандар жалақысының төмендігі бар. Соңғы жылдары ондаған кітапхана жабылды, әсіресе тұрғындар  аз қоныстанған ауылдарда ақпарат пен мәдениетке қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі болып отыр.

Сондай-ақ, ұлттық және өңірлік кітапханалардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім және мәдениет саласындағы сарапшылар баяндама жасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ұлы даланың материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудың маңызын атап өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүкіл еліміз үшін, Торғай өңірі үшін маңызды жол

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.