Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоКультура

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

  1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
  2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік деп танылған 20 отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Толық ақпарат: +7 (7172) 74-13-47, 74-01-62.

Ұқсас жаңалықтар

Цифровизация экологического мониторинга в РК

admin_altyalash

«В этом году воды много, люди довольны. Через 10-15 дней планируем снова собрать урожай», — аграрии Туркестанской области о поливном сезоне-2024

admin_altyalash

Указом Президента Казахстана награждена оперная певица Мария Мудряк

admin_altyalash