Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

«Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті

Атырау қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылған «Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті.

Театр әртістері – Даун синдромы бар, жасы 16-дан асқан балалар. М. Өтемісов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында шығармашылық ұжым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бала күннің бояуы» атты концерттік қойылым ұсынды. Сонымен қатар жас өнерпаздардың қатысуымен сән көрсетілімі де ұйымдастырылды.

Жобаның авторы – Атырау қаласының тұрғыны Әнел Маратова. Ол 2024 жылы республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алып, ерекше балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға бейімдеуді мақсат еткен.

«Күн» театралдық жобасында 14 өнерпаз бар. Олар апта сайын екі рет актерлік шеберлік, үш рет хореография сабағына қатысады. Шығармашылық ұжымның алдағы жоспары – елімізде және шетелде гастрольдік сапарлар ұйымдастыру.

Ұқсас жаңалықтар

В Астане завершился международный турнир по бадминтону Astana International Challenge 2025

admin_altyalash

Война в цифре: как следователь АФМ разоблачает наркосети в Telegram и криптовалюте

admin_altyalash

Новая Конституция позволит точно доводить информацию и формировать культуру конструктивного диалога – известный журналист

admin_altyalash