Саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды

21.05.2025
0
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Бұдан бөлек, Роман Скляр Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу пунктіне жасаған жұмыс сапарының қорытындысын баяндады. Онда өткізу мүмкіндігін арттыру, логистикалық инфрақұрылымды жақсарту, кедендік рәсімдерді цифрлық технологиялар арқылы жеделдету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін «Нұр Жолы» өткізу пунктінде ірі жүктерге арналған айналма жол құрылысы аяқталады. Бұл жүк ағынын арттырып, қызмет сапасын жақсартады және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға жаңа серпін бермек. Бүгінде қытайлық тараппен өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі және автокөлік құралдарын қабылдау көлемін ұлғайту мәселелері пысықталып жатыр.

Теміржол саласында 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жолдар және Алматы стансасының айналма теміржол желісі құрылысын аяқтау жоспарланған.

Теңіз көлігі саласында контейнерлерді өңдеу қуатын жылына 240 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнер) деңгейіне дейін жеткізу көзделген. Бұл мақсатта осы жылдың желтоқсанында жаңа терминал іске қосылады. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағдарының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Автомобиль көлігі саласы бойынша Қазақстанның Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 5 автомобильдік кедендік бекетті: Темір баба, Қазығұрт, Тәжен, Майқапшағай және Бақты жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар көлік құралдары мен жүктердің еліміздің аумағына кірген сәтінен бастап, бағыт бойындағы қозғалысы мен шығуына дейінгі аралықты бақылауға мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнабақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізілуде.

Әуе көлігі саласында 2025 жылғы желтоқсанға дейін еліміздегі барлық әуежайда «e-Freight» ақпараттық жүйесі енгізіліп, ол «КЕДЕН» және «Agriculture» жүйелерімен толық интеграцияланады. Бұл қағазсыз құжат айналымына толық көшуді қамтамасыз етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін күшейтуге бағытталған барлық жобалардың уақтылы іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әрбір лагерь, оның ішінде шатырлы лагерлер де маусым басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.