Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды

23.05.2025
0
Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды

Алматыда Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеу кезінде театрдың атақты ұжымы қойылымдарын қалалық Оқушылар сарайының жаңартылған Үлкен концерт залында қояды. Бұл кеңістік толықтай жаңартылып, ерекше акустика сақталып қалды: дыбыс шағылыстырушы төбе жүйесі қайта орнатылып, заманауи айналмалы сахна механизмдері, жаңа кулисалар, шымылдық, жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ, электрмен қамту жүйесі жаңартылды.

Жаңа сахнада алғаш қойылған спектакль – «Күлшеқыз» ертегісі болды. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

«Театр ұжымы, біздің труппа және көрермендеріміз Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа театр өнеріне деген құрметі мен елдегі басты балалар театрына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдіреді. Әкімдіктің қолдауы арқасында театрға 44 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды», – деді Қазақстанның халық артисі, театр актрисасы Ольга Коржева.

Оқушылар сарайындағы қойылымдармен қатар театрдың тарихи сахнасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр: тірек құрылымдар күшейтіліп, шатыр мен қасбеті жаңартылуда, сахна, жарық және дыбыс жүйелері толықтай жаңғыртылуда. Ғимараттың тарихи келбетін сақтау ерекше назарда: мәрмәр едендер, витраждар, мозаикалар мен басқа да сәулеттік элементтер қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, ғимарат мүмкіндігі шектеулі көрермендер үшін бейімделіп жатыр.

Театрдың негізгі ғимаратының жанынан Камералық сахна орналасатын бөлек ғимарат салынып жатыр. Онда SATS COMMUNITY театр студиясының сыныптары, шеберханалар және грим бөлмелері болады. Екі корпусты біріктіретін галерея салынады.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланған. Содан кейін театр жаңа бейнесінде — САЦ — Заманауи өнер орталығы ретінде көрерменге жол тартады.

Ал әзірге сүйікті спектакльдерді жаңартылған Оқушылар сарайынан көруге болады. Келесі қойылым — «Бремен музыканттары» 22 мамырда өтеді. Қойылым кестесін театрдың ресми ресурстарынан көруге болады.

Н. Сац атындағы театр жаңа және тұрақты көрермендерін асыға күтеді. Киелі сахнада өнер мәңгі жасай бермек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Финалдағы жарқын жеңістер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.