Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бір реттік акция емес – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бір реттік акция емес

23.05.2025
0
Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бір реттік акция емес

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 12-16 мамыр аралығында өткен Республикалық Репродуктивті денсаулық апталығының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті.

Бұл науқан Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың – БҰҰ Халық қоныстануы қоры (ЮНФПА), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), ЮНЕСКО – және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде КАПМ, Saulyq LIFE, YPEER және басқалардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінде біріздендірілген ақпараттық-ағартушылық кампания жүргізілді. Әр күнге жекелеген тақырып арналды: отбасын жоспарлаудан бастап, жасөспірімдерге арналған репродуктивті білім беру, АПВ, ЖЖБИ алдын алу және ерлер денсаулығын сақтау мәселелеріне дейін.

Дөңгелек үстел барысында Апталықтың қорытындылары шығарылып, репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге арналған ұсыныстар айтылды. Бұл – болашақ ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Кампания серіктестерінің ұсыныстары мен ұсынымдарын жинауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл материалдар жинақталып, Ұлттық комиссия отырысында ұсынылады.

Кампанияның негізгі нәтижелері: 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді (2024 жылмен салыстырғанда 2 есе көп); жалпы қамтылу – шамамен 500 мың адам, оның ішінде 240 мыңнан астамы – жасөспірімдер мен жастар; 80 мыңға жуық тегін кеңес берілді, 8,4 мыңнан астам ЖЖБИ және АИТВ-ға тестілеу жүргізілді; әлеуметтік желілерде 359 мыңнан астам жазба жарияланды, БАҚ-та 1,5 мыңнан астам материал жарық көрді; ақпараттық бейнероликтер еліміз бойынша 627 LED-экранда көрсетілді.

Апталықтың әр күні нақты тақырыпқа арналды – отбасын жоспарлау, жасөспірімдердің репродуктивті сауатын арттыру, АПВ, ЖЖБИ алдын алу және ерлер денсаулығы. Мұндай тәсіл мақсатты топтармен жүйелі, бағытталған әрі салалар арасындағы үйлесімді коммуникацияны орнатуға мүмкіндік берді.

Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова төраға атынан сөйлеп, бастамаға үлес қосқан барлық серіктестер мен қатысушыларға алғысын білдірді:

– «Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бір реттік акция емес, тұрақтылықты, үйлестіруді және жан-жақты қатысуды талап ететін стратегиялық міндет. Осындай бастамалар күштерімізді біріктіруге, үздік тәжірибелерді кеңінен енгізуге және қоғамдағы мінез-құлық пен көзқарасты нақты өзгертуге жол ашады», – деді ол.

Талқылауға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шакихзат Халықова, Ұлттық комиссия мүшелері, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, халықаралық ұйымдар, зерттеу және сарапшылық қауымдастық қатысты.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Оқушыларымыздың алғаш рет халықаралық финалға шыққанына мақтанамыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы басталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.